Қазақ үшін еттен қуатты ас  жоқ. Жесе тісіне, жемесе түсіне кіретін тағамның орны қашан да бөлек. Қазекем келген қонағына қадірлеп, алдына ет тартады. Алайда ұлттық асымыздың атауы бүгінде «бешбармақ» деп айтылып жүргені  бәрімізді қынжылтады.

27879028 159478584850592 4590292717606535168 n

Иә, буы бұрқырап, иісі мұрын жарған қазы-қартасы, жал-жаясы мен жілік-омыртқасы төңкеріліп алдыңа келгенде тәбетіңді ашатын асты үлкен-кіші тамсана жейді. Бірақ төл тағамның «бешбармақ» атауы кім-кімді де еріксіз ойландырады. Асылған етті қалай атаған жөн? «Бешбармақ» деген дүбәрә сөз бізге қайдан келді?

Тіл мамандары үлкен астың қазақшасы қалыптаспаған десе, біреулері орыс тіліне дұрыс аударылмаған, бес саусақты салып жіберіп, қолмен жеуінен шыққан дейді. Зиялы қауым өкілдері «асылған ет» деп атауды ұсынғаны да бар. Бірақ... Ұсыныс нәтижесіз, сөз өзгеріссіз қалды.

Салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы бұзылмаған Оңтүстіктің өзінде бұл тағамды әрқилы атайды. Қамыр ауқат, ет ауқат десе, бәзбіреулері «бешбармақ» дейді. Той думандарда, әртүрлі кештерде ет тартылатын сәтте кейбір асабалардың «бешбармақ» деп хабарлайтыны тағы бар.

Кезінде КТК телеарнасының телевизиялық «Бешбармақ» шоуы болды. Жаңа бағдарламаның жарнамасы жер жарды. Өзбекстан телеарналарының бірінен көшірілген жоба телеарна эфирінен жыл бойы түспеді. Бірақ ұлттық асымыздың атауы көрерменнің наразылығын тудырды. «Алатақиялы ағайындардың бағдарламасын «Палау-шоу» деп аталуы дұрыс. Ал отандық телеарнаға не жорық?! «Бешбармақ» деген қай тілден «қаңғып» кірген тіркес» деп сын айтушылар аз болмады.

«Фиркан», «Жейхун», «Баянсұлу», басқа да толып жатқан сауда орталықтарының сөрелердегі «Апатай», «Сочни», «Кэмми GRAR» кәсіпорындарының ет тағамына салатын жаймалары «бешбармаққа арналған» деп айдарланған.

Тарихи деректер мен әдеби шығармаларды парақтасаң, «бешбармақ» түгілі «бес бармақ» тіркесі де кездеспейді. Тіл мамандарының айтуынша, естияр баланың өзі бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек деп бес саусақты атымен атайды. Батыс, Шығыс, Солтүстік өңірлерде кездеспейтін, ал Оңтүстік астана – Алматыда, ұлыстың ұйытқысы болған Шымкент пен Түркістанда ас мәзіріне мәнсіз мағынамен енген бұл атау қайдан шыққан?

PS.

Орыстардың борщы, өзбектің палауы, ұйғырдың лағманы секілді ұлттық қадірлі асымызды да дұрыс атаумен ұсынсақ, оны тілдік қолданысымызға тұрақты енгізсек, бұл да өз тіліміз бен дәстүрімізге, ата-салтымызға құрмет емес пе? Ендеше аталы астың дұрыс атауын қалай деп алған жөн? Сіз не дейсіз?

Сіз не дейсіз?

Мархабат Байғұт, жазушы:

MG 8423

«Бешбармақ» деу ұлттық тағамды қорлау. Бұл сөзді бұрын отарлау саясаты кезінде генерал-губернаторлар мен олардың жандайшаптары ойлап тапқан. Қолмен жегенді «казахи бешбармачничают» деп әжуалаған. «Бешбармақ» деп айтуға да, жазуға да болмайды»

Сандыбай Боранбаев, филология ғылымдарының докторы:

сандыбай

– «Бешбармақ» – қырғыздарға тән сөз. Ал қазақтың ұлттық тағамына дұрыс атау қолдану мәселесін терминология және тіл комитеті қолға алуы керек. Кейбіреулер «қазақша ет» деп жүр. Бұл да қате. Мен бұл сөздің баламасын түсінбеймін. Сүйсініп жейтін қадірлі асымыз ұлттық ұғымға сай дұрыс атауын табуы қажет.

Гүлзина Қуанышбекқызы, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы:

куанышбеккызы

– Бешбармақ соңғы уақытта этнос өкілдерінің айтуымен, ет атауы ретінде қолданыста жүр. Осы орайда атап өтер жайт, «бесбармақ» деген сөздің мағынасы «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» былайша түсіндірілген: «Етке қамыр салып жасалатын қазақтың ұлттық тағамын өзге ұлт өкілдерінің атауы». Ал шындығына келсек, бұл – орыстілді қауымның «бешбармак» деген сөзінің қазақиланған түрі.

Жанат Төлтебаева, қалалық жасөспірімдер кітапханасының сектор меңгерушісі:

Жанат Тультебаева

– Қазақ тіліне тәржімаласақ, «бешбармақ» дегенің – Бесбармақ. Мағынасы түсінікті. Бірақ, қос қолдап асасаң да адамда екі-ақ бармақ бар, ол – екі бас бармақ. Ал бір қолда бес саусақ бар. Қайдан, қалай шықса да, тілімізге жат «бешбармақты» ұлттық тағамымызға таңып алдық. Дұрыс еместігін білсек те, «қыңқ» демейміз.

Шымкентте аптаның әр жұмасын поэзия кешіне айналдыру дәстүрі басталды. «Мәртебелі поэзия мінбері» атты поэзия апталығының кезекті кеші ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналды.

DSC 2649

«Отырар» кітапханасында өткен жыр кешіне өлеңнің киесі мен жүйесін жетік білетін зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері мен өлеңсүйер қауым жиналды.
Кеш шымылдығын ашқан Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева «Мәртебелі поэзия мінбері» апталығы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулеттен басталып, жерлесіміз, қарымды қаламгер Қасымхан Бегмановпен кездесуге жалғасып отырғанын жеткізді.

– Қаламыз биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Көптеген мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Соның ішінде поэзия кешінің маңызы зор, - деді ол.
Мәртебелі мінберге көтерілген кеш кейіпкері Қасымхан Бегманов сиясы кеппеген жаңа өлеңдерін оқыды. Ақынды қолдап-қуаттап келген көрерменнің рухын көтерді. Көңілін сергітті.

– Шымкентте мәдениет пен руханиятқа айрықша көңіл бөлінуде. Поэзия алаңы мен поэзия апталығының ашылуы қаламгерлердің жүрегіне жылу ұялатты. Руханиятпен сусындаған ел ешқашан жұтамайды, - дейді ақын ағамыз.

Жұмадағы жүздесуде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенттері ақын жырларын оқыды. Өлеңдеріне жазылған әндерін орындады. Сондай-ақ ұлы ойшыл Абай жырлары да жырсүйер қауым назарына ұсынылып, әндері шырқалды.

Эх, «Тортилла»

Пятница, 24 Январь 2020 04:08

Шымкентте алып тасбақа ішіндегі жануарлар көрмесі 23 қаңтардан бастап жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Оған көрме кезіндегі заңсыздықтар себеп болды. Бұған дейін «Тортилладағы» хайуанаттардың күтімсіздігі туралы пікір әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Еріктілердің жанайқайы қоғамда резонанс туғызды.

Тортилла

Ресейлік «Тортилла» қалаға 2019 жылдың желтоқсанында келген. «Наурыз паркі» сауда орталығы аумағында орналасқан хайуанаттар бағы бір айға жуық тұрғындарға қызмет көрсетті. Үлкені де, кішісі де аңдарды шама-шарқынша тамашалады. Алайда сауда орталығының басшылығы бір ай бұрын ашылған «Тортилламен» арадағы жалдау шартын бұзуға мәжбүр болды. Көрмедегі былықты көрген еріктілер аңдардың тіршілігіне селқос қарамай, жауаптыларға жүгінді. Олар ресейлік аң-құстарға араша түсіп, қонақтардың қаладан кетуін талап етті.

-Аң-құстарға жағдай жасалмаған. Жейтін тамағы, суы жоқ. Орналасқан жерінің ауасы лас. Көрме ішінде аң түгілі, адамның тынысы тарылады. Соның салдарынан кейбір маймылдар ауыра бастаған. Түктері түсіп қалыпты. Қолтырауындардың халі тіптен мүшкіл. Көрме иесі хайуанаттардың обалына қалып жатыр. Біз жауаптыларға жүгінгенбіз. «Тортилланың» иесінде аңдарды ұстауға рұқсат болмай шықты, - дейді «Второя жизнь» қорының волентері Анастасия Ташпаева.

Волонтерлердің айтуынша, көрмедегі жануарларға талапқа сай қамқорлық көрсетілмейді. Шындығында маймылдардың тым тар торда орналасқаны, қолтырауындардың құрғақ жерде жатқаны анықталыпты. Зооқорғаушылардың үндеуі ақыры аяқсыз қалмады. 23 қаңтардан бастап, «Тортилла» көрмесі жабылуы тиіс.

Деректерге көз жүгіртсек, көрме Ресейде бұрыннан «қара тізімге» енген көрінеді. Көрші елдің еріктілері де жылжымалы зообақтың жұмысын тоқтатуға себепші болған. Жылжымалы көрменің Қазақстан бойынша Шымкентке алғашқы келуі екен.

- Біз заңға қайшы ештеңе көрмедік. Жерді қырық күнге жалға бердік. Заңгерлермен келісіп, «Тортилламен» келісім-шартқа отырдық. Иесінен он күн ішінде көрмені алып кетуін талап еттік, - дейді «Наурыз» ойын-сауық орталығының жетекшісі Бағдат Тастанбеков.

Дегенмен, көрме иесінің шикіліктері көп сияқты. Сонда кеденнен қалай өткен? Аңдардың жай-күйі неге тексерілмеген? Құзырлы органдар неге қадағаламаған? БАҚ өкілдеріне берген түсініктемесінде Бағдат Тастанбеков тордағы аңдар электр қуатымен жылытылатынын айтты. Ол «хайуанаттардың жағдайы қиын» деген пікірмен келіспейді. «Іші таза. Тамақтары уақытылы беріледі. Аңдарға ешқандай қысым жасалмайды» деп ақталды.

Қоғам наразылығын тудырған «Тортилланың» жай-күйін білмекші болдық. Алдымен жылжымалы көрмеге кірген орталық жетекшісі бізді ішке өткізбеді. «Қазір аңдар тамақтандырылып, оларға күтім жасалып жатыр. Сәлден кейін көре аласыздар» деген уәж айтты. Қаңтардың суық күнінде аз ғана уақытта деген соң көрмедегі хайуанаттарды көруге бел байлап едік. Өкінішке қарай аңдардың жағдайын біле алмадық. «Көрсетеміз» деген адамымыз санаулы уақытта шаруасымен көлігіне отырып, кетіп қалды. «Тортилланың» жанында екі ерікті ғана қалды.

Эх, «Тортилла»...

«Мәртебелі поэзия мінбері»

Среда, 22 Январь 2020 04:16

ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкентте мәдениет пен руханиятқа айрықша көңіл бөлінуде. Былтыр ақын-жазушылардың өлеңдері қала көшелеріне ілініп, талантты жас ақындардың антологиясы жарық көрген еді. Биылғы жыл тағы да ақжолтай жаңалықпен басталды.

DSC 0718

Өткен аптада қаламызда «Мәртебелі поэзия мінбері» атты әдеби алаң ашылды. Поэзия мінберінің ашылу салтанатына қаламгерлер қауымы арнайы келді.
Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақалалары аясында атқарылатын жұмыстардың бір парасы Шымкентте осындай жаңалықпен жалғасын табуда. Поэзия мінберіне Қазақстан ақындары шақырылатын болады. Биыл Абайдың 175 жылдығына орай, әр жұмадағы кездесуді Абайдың өлеңдерімен бастау үрдіске айналмақ.

Жиынға арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет қазақ қаламгерлері атынан поэзия алаңының ашылуымен құттықтады.
– Поэзия бұрышы емес, поэзия төрі деген жөн. Қайырымды қаланың ақын-жазушыларына төрін ұсынған шырайлы шаһардың мәртебесі өсе берсін. Шымкенттің көшелерінде Ұлы Абайдан бастап, қазақ ақындарының суреті мен өлеңдерін жарқыратып қойғандарыңыз поэзияға көрсетілген құрмет деп білемін,-деді ақын.

Енді еліміздің ақын-жазушылары әр жұма сайын поэзия мінберінде парасатты жырларын оқиды. Аптасына өтетін рухани жиында Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері де қамтылады.
Мұнан соң, рухани шара поэзия апталығымен жалғасын тапты. Жыр кешінің алғашқы қонағы көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет болды.

Көптен бері өлеңге шөліркеген қайырымды қаланың тұрғындары мен зиялы қауым Отырар кітапханасына қарай асықты. Оқырманмен ой бөліскен жыр кешін ақын Нармахан Бегалыұлы жүргізді.

Қара өлеңнің қара нары атанған ақын Ұлықбек Есдәулеттің қазақ поэзиясында орны ерекше. Отты жырларында халық мұңы, ел тағдыры жатыр. Жыр кешінде қаламгердің «Қарағай» кітабының тұсауы кесілді. Бұдан кейін Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мархаббат Байғұт сөз алып, ақынға ізгі тілегін білдірді.

DSC 0552-1

– Елі ақынын құрметтесе, одан артық бақыт бар ма!? Айрықша жобаның ақындарға шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Сіз осы құрметке лайықтысыз. Әдебиетті өмірден алып тастасаң, сыңғырлаған ақша мен сықырлаған қару ғана қалады дейді. Президенттен бастап ел тізгінін ұстаған азаматтар әдебиетті, поэзияны елге етене енгізуде,- деді жазушы.

Шығармашылық кеште ақын Ханбибі Есенқарақызы ақынға ақжарма тілегін ақтарса, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова арнау өлеңін оқыды. Ал Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 2 «д» сынып оқушысы Ернар Анарбек, 3 «б» сынып оқушысы Нұрымжан Өтеген, 4 «е» сыныбының оқушысы Айсана Әділхан Абайдың өлеңдерін жатқа айтса, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері ақын Ұ. Есдәулеттің өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Өз кезегінде ақын ағамыз оларға өзінің жыр кітабын сыйлады.

DSC 0548

Мәні мен мазмұны терең кеште ақынның сөзіне жазылған «Көздеріңе ғашықпын», «Заман-ай» әндері де шырқалды.
Кеш соңында қаламгер жылы кездесу ұйымдастырып, әдебиет пен мәдениетке қолдау көрсеткен қала басшылығы мен кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

фото
Береке СЕЙІТЖАППАР

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде YouTube хостингінің «Нағыз қазақ» арнасында «Аралтұз» өнімінің сапасына қатысты видеожазбасы жарияланды. Онда автор тұз құрамында адам денсаулығына зиянды қоспа барын, ас тұзын Қытай инвесторлары шығарып жатқанын айтып, өнімді алмауға үндеді. Оны тамашалаған бәзбіреулер хабардың рас-өтірігіне қарамай, өре түргелді. Көпшілікті «Аралтұзын» тұрмыста тұтынбауға шақырды.

1443674744puq6b

 

Тұзсыз астың дәмі жоқ. Қазақ тұзды ерекше қастерлейді. Ал жалған ақпарат пен видео қауесеттің ақыры емес. Осыдан 7 ай бұрын, маусым айында байқоңырлық азамат ватсап желісінде негізгіз хабар таратқан еді.

Оның Арал ауданы Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» кәсіпорнына қатысты бейнеүндеуі көпшілікті бейжай қалдырған жоқ. Бейнежазба авторы: Менің саясатқа, ұйымдарға қатысым жоқ. Көріпкел де емеспін. Қарапайым адаммын. Мен қорқынышты түс көрдім. Соны халықпен бөліскім келеді. Өйткені бұл жағдай Қазақстанның болашағына қатысты деп ойлаймын. Арал ауданының Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» кәсіпорнының Қытайға сатылғанынан хабардарсыздар. Адам тұзсыз тамақ ішпейді.

Ал ас тұзында белсіздік пен түрлі ауруларды қоздыратын қоспалар арқылы бір ғасырда қазақ халқын оқсыз жер бетінен жойып жіберетіні жөнінде хабар келді», - деп елді әбігерге салғаны бар. Түсін «Алланың аяны» деп, халықты аң-таң қалдырады. Не керек, автор да, ақпарат та зерттелді. Зерделенді. Еліміздегі тұз өндіретін ірі кәсіпорынның жұмысын жоққа шығарған азамат заң алдында жауапқа тартылды.

«Аралтұз» АҚ – индустриялық бағдарламаның белсенді қатысушысы. Мемлекеттік бағдарлама аясында 500 жаңа жұмыс орнын ашып, 1200-ге тарта жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Сол дақпырытты «Аралтұз» АҚ вице-президенті Нағашыбай Әуесханов та жоққа шығарды. Бейнежазба авторының кәсіпорынға ешқандай қатысы жоқ екенін, мұнда жұмыс істемегенін жеткізген болатын. 90 жылдық тарихы бар ас тұзын өндіретін ірі өндіріс орнының ел экономикасында елеулі орны бар. Вице-президент тұзды комбайнмен көлден қазып алатынын, оны вагондармен кәсіпорын аумағына әкеліп жинайтынын, өңдеу жұмыстарының жүргізілетінін тәптіштеп түсіндірген.

«Елімізде сатылатын тұз түгел йодталған. Біздегі лаборатория қызметкерлеріне өндірілген өнімнің сапасы дұрыс болмаса, өндірісті тоқтатуға толық құқық берілген», - деді Н.Әуесханов.
Несін айтасыз, сәуегей бейнежазба авторы ұсталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген еді. Сөйтіп, дақпырт басылғандай болған. Арада 7 ай өткенде.... Тағы да ел-жұртты шошындырған негізгіз бейнежазба жарияланды.

Біздің білуімізше, «Аралтұз» құрамында табиғи минералдар бар. Олардың құрамында эпсомиттерден және астраханиттерден тұратын тұнба ерімейді. Өңдеуге келетін шикізат экологиялық таза. Кәсіп-
орын өнімдерін ЕАЭҚ аумағында аккредиттелген тәуелсіз зертханалар тексереді. Яғни өнім әлемдік стандарттарға сай.
1925 жылдан бастап ас тұзын шығарып келе жатқан компания өнімі Қазақстанмен қатар ТМД елдерінде сұранысқа ие. Қазақстандық өнімінің 65 пайызын Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия елдеріне экспорттап отыр.

«Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда кәсіп-орынның 100 пайыз акциясы отандық кәсіпкерлерге тиесілі. Ешқандай Қытай тарапына сатылмаған, үлесінде де қытайлықтар жоқ.

Бұл – осымен бірнеше рет берілген жалған факті. «Аралтұзды» әлдекімдер нарықтан шығарғысы келе ме, кім білсін. Бейнежазбаларда негізсіз үндеу жариялаған азаматтардың әрекетіне қарның ашады. Қадірлі асты қорлағанына жаның жабырқайды. Өре түргелген ел-жұртқа айтарымыз, «Аралтұз» – отандық өнім. Қорықпай қажетінше пайдаланыңыз. Денсаулыққа пайдасы болмаса, зияны жоқ.

Қазақ итті жеті қазынаның біріне балаған. Әу бастан оның адал дос, сенімді серік екені мәлім. Жыл санауына енгізіп, ертегілерге қосуы да бекер емес. Тұрмыста да рөлі зор жануар. Мал, үй күзеттіреді. Аң аулауға пайдаланады. Десе де, олар қараусыз күйге түссе, адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жететінін ұмытпайық. Олай дейтініміз, қазір иесіз төртаяқтылардың мәселесі алаңдатарлық жағдайға жетті.

Borli-it-aulau

– Бір топ иттің көпқабатты үйлердің маңында жүргеніне бірнеше ай болды. Балаларым үшін уайымдаймын. Ит аулаушыларға бірнеше рет хабарластым. Араға апта салып келді әйтеуір. 3 иттің көзін жойды. Ал, қаңғыбас хайуандар көпқабатты үйлердің маңын басып кеткен, - дейді №3 шағынауданының тұрғыны Ақжібек Бегім.

Көпбалалы ананың жанайқайы орынды. Қаңғыбас ит – жұқпалы ауру тасымалдаушы. Құтыру белгілері байқалғанда адамға шабуыл жасайды. Соңғы уақытта жабайы иттерді қаланың кез келген бұрышынан көруге болады. Көз үйренгендіктен бе, бейқамбыз. Оқыс оқиға болса ғана қимылдаймыз. Шабуыл жасаса ғана бас көтереміз. Олардың қауіпті екеніне мән бермейтініміздің белгісі осы.

Төртаяқтыдан зардап көп

Екі апта бұрын Шымкентте оқыс оқиға болды. Таңертеңгі сағат 8.00-дер шамасында Меруерт Жанұзақова (есімі өзгертілді) баласымен бірге қоқыс төгуге шығады. Әрі қарай Ақжолын балабақшаға апармақ. Аналы-балалы екеу қоқыс тастайтын орынға келгенде үй жануарын көреді. Мән бермеген әйел бес жастағы баласын қалдырып, қолындағы дорбасын алып, қоқыс жәшігіне беттейді.

Сол кезде төбедей болған ірі ит балаға тап береді. Меруерттің зәресі зәр түбіне жетеді. Бірақ есін тез жияды. Жан-дәрмен баласына араша түседі. 5 жасар балақайға тайыншадай иттің төнгенін елестетіңіз. Анасы болмаса, тірідей жейтіндей екен. Сөйтіп, ана мен бала тентіреген төртаяқтыдан зардап шегіп, дене жарақатын алады. Қазір науқастар ауруханада ем қабылдап жатыр.

Иттің иесі болса, ветеринарды шақыртып, тексертуіне болады. Ал көшедегі үйсіз-күйсіз хайуанды кім біліпті? Аш па, қараусыз ба? Зерделеген жан жоқ. Әсіресе, «Жабық базарда» ит алушылар мен сатушылардың қарасы азаймай тұр. Бәс тігіп, төбеттерді төбелестіреді. Мақтауын келтіріп, алушыларға сатады. Жуырда осы базардан Жомарт Әубәкіров (есімі өзгертілді) ит сатып алыпты. 3-4 айлық күшікті үйіне әкеліп, жуындырады. Тамақ береді. Бір апта өтпей, үй жануары өліп қалыпты. Содан сәл бұрын асыраушысын тістеп алған. Жәбірленуші қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Қош. Ит асырамасын деген заң жоқ. Бірақ оны сатудың да, серуендетудің де тәртібі мен ережелері бар. Қыдыртқанда тұмылдырығы болуы шарт. Итті күндізгі уақытта бос жіберуге болмайды. Адамдардан алшақ болуы тиіс. Жылына бір рет құтырма ауруына қарсы дәрі егіліп, денсаулығы тексерілуі шарт. Бірақ осы айтылғандардың көбі жасалмайды. Тексерту, үй ауласында бос жібермеу былай тұрсын, иелері есігінің алдындағы төбеттің қайда жүргеніне мән бермейтін кездері де кездеседі.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының айтуынша, қаңғыбас тұрмақ, қолындағы итіне қарамайтындар көп. Жартылай қараусыз жануар кісілердің қолынан тамақтанады. Қадағаламаса асырап несі бар дейсің. Бір жыл бұрын қалалық мәслихат шешімімен үй жануарларын ұстау бойынша қаулы шықты. Онда айыппұл салу мәселесі де қаралған. Қалада ит қыдыртатын арнайы орындар болуы тиіс. Ал иттің аты ит. Жүрген жерін ластап бүлдіреді. Тіпті, алаңшалардағы жалаған жерінен, аунаған шөптерден вирус жұғуы мүмкін.

Құтырудың емі жоқ

Құтыру ауруы негізінен иттердің сілекейі арқылы тарайды. Бұл ауру екі жылға дейін ағзада сақталады. Сондықтан ондай ауруға шалдыққан-шалдықпағанын адамдар бірден біле алмайды. Тек вакцинамен ғана сақтануға болады.

№2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Мұхан Утекеевтің айтуынша, ит қапқан жағдайда шұғыл ауруханаға келу керек. Ал үй жағдайында ем жасау адам өміріне қауіпті.
Ауруханада науқастарға екпе 5 рет салынады. Вакцина 1, 3, 7, 14, 28 күн аралығында жасалады.

Жалпы, үйсіз-күйсіз салпаңқұлақтар көбіне асыраушысы болмағаннан немесе адасып кеткеннен пайда болады. Ал қараусыз хайуанның әр жерді паналап, қоқыспен күнелтетіні белгілі. Бүгінде жабайы жануарлармен күресу әлемдік мәселеге айналған. Дамыған елдерде қаңғыбас иттермен күресудың өзіндік ережесі, қолданылатын шарасы да бар. АҚШ-та итті қадағалау қағидасы тұрғындардың бәріне ортақ. Оларда қаңғып жүргендерін мамандар ұстап алып, тексереді. Ауруы болса емдейді. Сөйтіп жануарларға арналған үйлерге тапсырылады.

Сол жерде қожайындары іздестіріліп, қолдарына табысталады. Ал, Германияда «Жануарлар құқығы туралы» арнайы заң қабылданған. Егелігіндегі ит, мысыққа жауапкершілікпен қарамаған қожайындар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді.

Міне, өзге мемлекеттерде үйсіз-күйсіз салпаңқұлақтармен күрес осылай жүріп жатыр. Ал біздің елде төртаяқтылармен жүргізілетін жұмысқа көңіл толмайды. Деректерге қарасақ, Шымкентте өткен жылы 26606 ит, 3284 бас мысық атылған. Қаңғыбас иттерді жоюға 2018 жылы жергілікті бюджеттен 92 миллион теңге бөлінсе, 2019 жылы 122 280 миллион теңге жұмсалған. Ал биыл 40 мың қаңғыбас ит пен мысықты ұстауға 130 800 миллион теңге бөлініп отыр. Статистика жақсы. Бірақ зардап шеккен тұрғындар азаяр емес.

Мәліметтерге көз жүгіртсек, қала мен оның маңындағы аудандарда 2019 жылы 3541 адамды ит қапқан. 560 адамды мысық тістеген. 2018 жылы 3911 адам иесіз иттен жараланса, 585 адамды мысық тырнаған. Ең қорқыныштысы, жыл басынан 5 ит құтырумен ауырған. №2 қалалық аурухананың рабиология бөліміндегі қызметкерлер күніне 10-15 адамның тентіреген төртаяқтыдан зардап шегетінін алға тартады. Қарапайым қисынға салсақ, 100 күнде 1500 адамның саны шығады. Бір жылда 365 күнді есептесек...

– Қала үлкен. Көшедегі бұралқылардың бәрі иесіз емес. Арасында қолға ұстағандары да бар. 10 бригада жабайы ит-мысық аулаумен айналысады. Олар үйлердің маңын қараусыз қаңғыған бұралқылардан тазартып, жоюда. Ұсталғандары 3 күн арнайы орындарда ұсталады. Қожайыны іздеп келмесе, дәрілік жолмен көзі жойылады. 2 жыл бұрын мәселе көтердік. Иесі бар ит иелеріне тәртіпті күшейту керек. Бүгінге дейін төбеті үшін айыппұл төлеген тұрғынды көрмедім, - дейді Шымкент қаласы «Ветеринарлық қызмет» МКК директоры Сырым Әбдіхалықов.

«Бұралқы иттерді аулап, жойып жатқан мамандарды көрмейміз. Неге көшелерде қаңғыбас иттер босып жүреді» деген қала тұрғындарының ветеринарлық қызметке өкпесі қара қазандай. Ал №2 бригаданың қызметкері Мұхтар Толағанов жыл бойы тынымсыз жұмыс істейтінін айтады.

– Біздің байқағанымыз, қолға ұсталған иттер көп. Олар күшіктегесін кісі талаудан тайынбайды. Қожайынына байлап қоюды ескертеміз. Бірақ олардың кейбірі қолына иті тиген соң, қайтадан босатып жібереді. Егер тұрғындар ит-мысығына жанашырлық танытса, тәртіп реттелетін еді. Ал мысық аулау қиындау. Көпқабатты үйлердің жертөлелерінде емін-еркін жүреді. Тұрғындар үйлердің ашық-тесік орындарын бітеуі қажет. Әйтпесе, көзін жоя алмаймыз, - дейді ол.

Сала мамандарының айтуынша, кейбір қалалықтар «Тып-тыныш жүрген итте нелерің бар» деп ит аулаушылардың жұмыстарына кедергі келтіретін көрінеді. Ал онымен айналысатын мамандар көшеде бос жүрген салпаңқұлақтың иесі бар-жоғын қайдан біледі? Өкініштісі, жеті қазынаға кіретін ит қазір адамға дос болмай тұр.

Осы ретте Абай хакімнің «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген нақылы ойға оралады. Ит-мысықтан зардап шеккен адамдардың саны жылдан-жылға көбеймесе, азаяр емес. Мыңдаған бұралқы ит, мысықтың көзі жойылды деген жалаң цифр, санмен ғана сөйлейтін статистикаға сүйеніп, мәселені тек сонымен түйіндеудің жөні жоқ сияқты. Жабайы хайуандармен күресті заңмен мықтап шегелеп, нақты шарамен қолға алу керек. Себебі оның артында адамның өмірі мен денсаулығы тұр...

Қараусыз ит, қаңғыбас мысық көрсеңіз, 45 05 05, 8 702 007 80 89, 8 701 231 14 95 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Шымкент жыл сайын қарқынды дамығанымен, көңіл аударатын экологиялық мәселелері аз емес. Әсіресе, көше бойындағы қоқыс жәшіктерінің айналасында бей-берекет шашылып, үйіліп жататын тұрмыстық қалдық, тозығы жеткен кәріз жүйелерінің проблемасы тұрғындар тарапынан көп реніш туғызып жатады. Мұның бәрі, түптеп келгенде, шаһардың көркі мен санитарлық жағдайына үлкен сын.

DSC 6553

Мәселен, Республика даңғылы, Қарасу шағынауданындағы көп қабатты үйлердің аулалары төңірегіндегі қоқыс жәшіктері аузы-мұрнынан шығып, қалдық шашылып жатады. Тұрғындардың айтуынша, жағымсыз иіс аулаларға тарап, иісі қолқа қабады. Қазір қыс маусымы. Ал күн жылынған мезгілде жәшіктер қойылған орынды ызыңдаған шыбын-шіркей басатыны белгілі. Осындай жағымсыз көрініске қаланың екінші жағындағы Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданының тұрғындары жиі шағым айтады.

– Лас ауамен, мүңкіген иіспен тыныстап, өмір сүріп жатырмыз. Мердігер мекеме дұрыс жұмыс істемейді. Қоқысты әр аптаның бейсенбі күндері түс қайта алып кететін. Кейін түнгі 23:00-24:00-де келетін болды. Үлгере алмайтын болар деп, тұрғындар қоқысты қаптап, көшеге шығарып, тіпті ит-құстан қоруға мәжбүр. Кейін мекеме жұмысшылары айлап төбе көрсетпеді. Cонан әлеуметтік желіде мәселе көтердік. Өткен аптада ғана қоқысты алып кетуге келді,– дейді Асар-2 шағынауданының тұрғыны Серікбай Камалов.

Қалай десек те, бүгінде біз қоқысты іріктеуді игере алмай отырмыз. Мұның бірінші себебі – тұрмыстық қалдықты өңдейтін технологияның жолға қойылмауы. Күнделікті жинақталатын қоқыстың көлемі экологияға айтарлықтай залал келтіретіні, әрине, айтпаса да түсінікті.

ҚАУІПТІ ҚАЛДЫҚТАР КӨБЕЙДІ

Шымкентте тұрмыстық қалдықты тасумен айналысатын «Спецавтотранспорт» ЖШС-нің өкілі 

Салтанат Жораева Экологиялық кодекстің тұрмыстық және өндірістік қалдыққа байланысты тұсы орындалмайтынын айтады. Қауіпті заттар қоқыспен араласып жатыр.

Аталмыш мердігер компанияның қызметін Абай ауданы бойынша 150 мыңнан аса, Еңбекші ауданынан 124 972 адам пайдаланады. Көп қабатты үйлердегі қоқыс күніне екі рет, жеке секторларда аптасына бір рет тасымалданады.

– Санитарлық тазалық мәселесінде тұрғындардың мәдениеті төмен екенін айтуымыз керек. 2018 жылдан бастап қоқыс жәшіктерінің жанынан сусын ыдыстарын жинайтын орын ашылды. Бірақ оны бөлек тастауды көпшілік ескере бермейді. Біздің жұмысшылар сусын ыдыстарын қапқа өздері жинап салады. Себебі, қоқыспен бірге тасталса, көлемді алады. Қоқыс алдымен үйде сұрыпталуы керек. Тамақ өнімдері, сусын ыдыстары бөлек жиналуы тиіс. Шындығын айтқанда, тұрмыстық қалдық көлемі шамадан тыс артып барады, – дейді 

Салтанат Жораева.

 Иә, тасымалдаушылардың сөзінің жаны бар. Олар тұрмыстық қатты қалдықты кез келген жерге апарып тастай алмайды. Сондықтан уақыт талабына сай, қоқысты алдын ала сұрыптайтын зауыттың қажеттілігі әлдеқашан-ақ туындаған.

ҚАЛДЫҚ ҚАШАН СҰРЫПТАЛАДЫ?

vlcsnap-2015-03-30-15h09m00s111

Экологиялық кодекске сәйкес, 2016 жылдан бастап Қазақстанда құрамында сынабы бар шамдар мен құрылғыларды, түсті және қара металл сынықтарын, қалдық май, электрондық қалдықтарды полигондарда көмуге тыйым салынды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көмуге болмайтын тұрмыстық қалдық қатарына пластмасса, полиэтилен мен қағаз қалдықтары, картон мен шыны енгізіліп отыр. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бұл тізімге құрылыс және тамақ қалдығы енеді. Барлық дамыған елде қалдықты сұрыптау жүйесі енгізілген.

Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықты тасымалдайтын «Спецавтотранспорт» ЖШС, «ОрионНовТех» ЖШС, «Бек-Асыл-Сервис» ЖШС, «ЭкоспецТранс» ЖШС, «Шымкент спецкомплекс» ЖШС, «Эко-Тазалық-Шымкент» ЖШС, ЖК «Чистый город», ЖК «Нұр-Олжа» сынды 10 компания бар. Алайда аталған кейбір кәсіпорындардың жұмысшылары нұсқауларға қарамастан, жұмысты экологиялық талапқа сай дұрыс атқармай отыр. Қалдықты материалдық ресурс ретінде қабылдап жатқан жан жоқ.

Қалалық коммуналды шаруашылық бөлімі өкілдерінің мәліметтеріне сүйенсек, «МПЗ Грин Лайн» ЖШС-нің қоқыс полигоны 2015 жылы Ақтас-1 елдімекенінде ашылған. Аумағы 29 гектарды құрайды. Күн сайын полигон 700 тонна қоқыс қабылдайды. Яғни, жылына Шымкенттен 200 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жиналады. Оның 45,6 тоннасы өңделеді. Пайыздық үлесі – 23. Кәсіпорын директорының орынбасары Нұрлан Ахметовтің айтуынша, полигонға келген қоқыс сұрыпталады. Аққағаз, картон, целофан қалдықтары бөлек жиналып, шымкенттік өндіріс орындарына өткізіледі. Ал өздері пласмасса, пластмасса бутылкаларды өңдейді.

Міне, осыған қарап-ақ қоқыс қалдығына қатысты жұмысты жүйелеп, қолға алмаса болмайтынын аңғаруға болады. Эколог Азамат Жандар: «Зиянды қалдықты азайтатын «сиқырлы дәрі» жоқ. Бұл – көп жылға созылатын жұмыс. Сондықтан оны заң деңгейінде шешу керек. Жағдай неліктен мұншалықты мүшкіл? Өйткені әдетте бөлінген зиянды қалдық нормадан асып кетеді. Бұл арада коммуналды шаруашылық мекемелеріне, яғни, қоқыс тасымалдайтын серіктестіктерге салынатын айыппұлдан еш нәтиже шықпаса, талаптарды қайта қарап, ондай кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатып қоятын шара қолдану керек», – дейді.

 ҚОҚЫСТАН ДА ПАЙДА БАР

Дамыған елдердің көбінде қалдық – әжептәуір табыс көзі. Тіпті, біреудің бизнесі. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықты қайта өндеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Тіпті, борситын тамақ қалдығынан биогаз өндіретін мемлекеттер де бар. Мәселен, өмір сүрудің өзіне жер таппай отырған жапондықтар қоқысты іріктеу, реттеу жұмыстарына аса үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Токио мен басқа да ірі қалаларда қоқыс контейнерлері қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктеледі. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады. Егер қоқыстарды шатастырып, әлде аралас тасталса, сол үшін «шатасқан» тұрғын қомақты айыппұл төлейді. Ал Түркияда қалай? Онда қоқыс тазалаушысы беделді әрі жалақысы жоғары мамандық иесі болып саналады. Қоқыс тазалаушы орта буынды банк менеджеріне қарағанда жақсы табыс табады.

Тазалыққа жауапты қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау жолға қойылған, атап айтқанда, медициналық сақтандыру, жоғары зейнетақы, қолжетімді баспана алуға мүмкіндіктері зор. Осыған қарап біздің мәселеге терең мән бермей отырғанымызды айтуға болады. Өйткені, қоқысты әу бастан сұрыптап тастау жүйесі бір жолға қойылмаған. Дәл осы жерден кеткен қателік бүгінгі айтып отырған бүкіл қателігіміздің бастауы болып отыр. Ал оны кәдеге жаратып, табыс тауып, алтынға айналдырып отырған елдер өте көп.

ТҮЙІН

Түптеп келгенде, тұрмыстық қатты қалдықтың экологиялық проблемаға айналуының себебі тұрғындар мен жекеменшік компаниялардың салғырттығынан болып отыр. Ал қаладағы қоқыс жәшіктері мен шашылып жатқан тұрмыстық қатты қалдықты күнделікті тіршіліктің ұсақ-түйек мәселесі деп емес, экологиялық, экономикалық, оған қоса мәдени өміріміздің үлкен бір проблемасы деп мән берсек, мәселе әлгі айтқан шетелдегідей шешімі дұрыс деңгейге жетер еді.

Биыл Шымкент мәдени астана атанып отырғанда мұндай көріністердің қаланың көркіне де, мәртебесіне де мейлінше ұят келтіретіні айтпаса да түсінікті.«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» деген сөз бар. Расында, табиғаттың тілі болса, біз қарсы дау айта алмайтын шындықты шыжғырып, бетімізге басар еді-ау!

Табиғаттың тілі болса,

Шымкентте «Балапан» бағдарламасы аясында үш тілде білім беретін 175 орынға арналған балабақша ашылды. Жаңа үлгіде салынған «4 Kids» мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің ашылу салтанатына Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев қатысты.

 DSC1427

– Ауданымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар саны артуда. Бұл тұрғыдан кәсіпкерлеріміздің белсенділіктерін атап өткіміз келеді. Бүгінде ауданымызда 68 мектепке дейінгі жеке балабақша жұмыс істейді. Бұл бағыт бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табады, –деді Досалы Жайлауұлы.

Жаңа үлгіде салынған балабақшаға 80-ге жуық бала қабылданған. Бүлдіршіндердің таным көкжиегін кеңейтіп, зерделі болып өсуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары, денсаулықты қадағалайтын медбике және логопед бөлмелері бар.

Страница 13 из 47