Шымкент қаласының орталық мешіті жанындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінде имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылды.

a3e75adb-5ede-42a4-8456-3b6a31530aee

Имандылық мекемесі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен қолға алынып отыр.
Аталған орталықтың жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, имамдарға алғашқы дәрісті оқыды.

Орталықтың жұмысы қала имамының орынбасары әрі «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұхамеджан Естеміровтың жетекшілігімен жүргізілуде. Курс 6 күнге жалғасады.
ҚМДБ-ның бекіткен оқу бағдарламасы аясында «Құран Кәрім», «Ақида», «Хадис ілімі» және «Шариғат үкімдері» пәндерінен дәріс жүргізіледі.

Имамдарға Мысыр Араб Республикасы, әйгілі әл-Әзһар және Нұр-Мүбәрак университетінен тәлім алған түлектері, дінтанушы-мамандар Дәулет Туленов, Ақтөре Тұраптай, Ералы Есенгелдиев және Мейірбек Сәрсенбаевтар дәріс береді. Оқу кезеңінде имамдардың білімі жүйелі түрде ауызша сұрау және сынақ жүргізу арқылы бағаланады.
Курс аяқталғаннан кейін түлектерге ҚМДБ тарапынан сертификат беріледі.

Сондай-ақ, Орталық жетекшісі М.Естеміровтың айтуынша, Шымкент қаласына қарасты 106 мешіттің 252-ден астам мешіт қызметкері алдағы үш айда тағылымдық, кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған курстан өтеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев осылай деп мәлімдеді. Басқарма басшысы 11 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

брифинг

Әлібек Нұрбайұлының айтуынша, қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамға жеткен.

– 2020 жылы бұл көрсеткішті 30%-ға жеткізу жоспарлануда. Жыл басынан бері қала аумағында 252 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 45 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ, спортшыларымыз спорттың 61 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 362 алтын, 342 күміс, 377 қола медаль жеңіп алды, – деді басқарма басшысы.

Биыл Шымкентте ҚР Еңбегі сіңген 1 спорт шебері, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 121 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 391 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 62 алтын, 34 күміс және 43 қола медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 20 алтын, 13 күміс және 22 қола медальге ие болды.

Келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жүйелі дайындық жүргізілуде. Басқарма басшысы қала спортшыларының Олимпиада ойындарына 10 жолдама жеңіп алуға мүмкіндігі барын да айтып өтті.

Қала әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және алдын алу бойынша мәжілісі өтті. Жиында таяуда ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, талқыға түсті. Бұдан былай мемлекеттік және саяси қызметшілердің жауапкершілігі күшейіп отыр.

80051359 2404322663214019 6386845428347830272 o

Қала әкімі Ерлан Айтаханов Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтың мән-маңызына тоқталып, оның мемлекетіміз үшін өте маңызды шешім екенін атап өтті.

– Елімізде тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заң аясында бекітіліп отыр. Бұл заңның қабылдануы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Сонымен қатар, заңда басшылардың бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екені көрсетілген. Енді басқарма, департамент басшылары осы маңызды шешімді ұжымда түсіндіру жұмысын жүргізуі керек, – деді қала әкімі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали бұл бағытта кешенді іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндады. Оның айтуына қарағанда, бұдан былай саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан әкімдері тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасаса, міндетті түрде отставкаға өтініш беруі тиіс.

Бұл заң бойынша басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті. Ал міндет орындалмаған жағдайда басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, аталған заң мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көтеруге бағытталған. Департамент басшысының орынбасары Талғар Серікбаев қала активіне Заңның ережелерін жан-жақты түсіндіріп берді.

Жиында әкімдік тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар зерделеніп, нақты бағдар түзілді. Қала әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сапалы жұмысты қамтамасыз етуді, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында заңды кеңінен түсіндіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Қарияларға – құрмет

Пятница, 20 Декабрь 2019 03:47

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қаланың ардагерлері, зиялы қауым өкілдері дастархан басында бас қосты. Қала әкімі Ерлан Айтаханов ардагерлерді мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің қадірін арттыра беруге шақырды. Қалалық ардагерлер кеңесі ұйытқы болған жиын ұрпақтар сабақтастығын паш етті.

 DSC0213

Қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар зиялы қауым өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, мерекелік басқосуда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Nur Otan партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов мерекелік тілектерін жеткізіп, бірқатар ардагерді Мәслихаттың, Nur Otan партиясының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Мемлекет және қоғам қайраткерлері Шалатай Мырзахметов, Орынбай Рахманбердиев те тағылымды насихат айтып, Тәуелсіздіктің қадірін ұғындырды.

Шымкент қаласында тұңғыш рет «Ақмешіт» студенттер үйі ашылды. Жеке қайырымдылық мақсатта жұмыс істейтін мекеме 120 орынға лайықталған.

DSC 1322

Мұндағы дәріс алушыларға үш мезгіл тамақ пен жатақхана қарастырылған. Студенттер үйінде барлық жағдай бар.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың айтуынша, студенттер үйіне негізінен, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары қабылданады.
Мекеменің ашылу рәсіміне ҚМДБ өкілдері, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай және Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысты.

«Ақмешіт» жеке қайырымдылық мекемесінің директоры болып Мұхамеджан Естеміров тағайындалды. Айта кетсек, алдағы уақытта осындай тағы төрт мекеме ашу жоспарланып отыр. Бүгінде құжаттар рәсімделуде.

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясы өтті. Қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев қатысқан сессияның күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды.

88

Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, энергетика және коммуналдық шаруашылық, туризм, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының есебі тыңдалды.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі талқыланған басқармалардың есебі депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Одан бөлек, жиында қала әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің, Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілді.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрақты комиссиялардың жұмысына оң баға бере отырып, қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша маңызды жобалар қолға алынып отырғанын атап өтті.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ерлан Айтаханов алғаш рет қатысқан сессияда кадрлық тағайындау мәселесі қаралып, қала мәслихатының бірқатар шешіміне өзгерістер енгізілді.

45455445

Алдымен қала әкімі Ерлан Айтаханов баяндама жасап, Қаратау ауданының әкімі лауазымына Абзал Әліқұловтың кандидатурасын ұсынды. Бұл мәселе бойынша депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.
– Абзал Шымкентбайұлы мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар, білікті маман.

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдарында да қызмет атқарған. Білім-біліктілігін қаланың дамуына жұмсайды деп сенеміз. Қалада атқарылған жұмыс көп. Шешімін күткен мәселелер де бар. Алдағы Үкімет отырысында қаланы дамыту бойынша бірқатар мәселелер қозғалады. Ендеше мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруымыз керек, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы мәслихат шешіміне және Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Мұның барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелердің жұмысы барысымен танысты.

DSC 4824

Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ, көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан хабардар болды.

Сенаторлар мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзімде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі шешуді тапсырды.
– ҚР Президенті тапсырмасымен Үкімет тарапынан әлеуметтік қолдауға көп жағдай жасалуда. Әсіресе, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды, жастарды қолдау назарда тұр.

Жалдамалы үйлер, жастар үшін жатақхана салу мәселесін тездетіп шешу қажет. Бізде басқа өңірлерге қарағанда жыл бойы құрылыс жүргізуге болады. Басты талап – жұмыстың сапалылығы және мерзімде тапсыру. Бүгінде құрылыс компанияларына да техникаларын жаңартуға көп қолдаулар бар, - деді Н.Бекназаров.

Сенат депутаттары, сондай-ақ, Шымкент қаласының Оқушылар сарайында кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысына қанықты.
Сенаторлар білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.

– Жастар мүмкіндігінше лагерьлермен көп қамтылуы қажет. Келесі жылы лагерьлердің санын тағы да көбейткен жөн. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар үшін демалыс-сауықтыру нысандарын көптеп салуға болады, – деді Нұрлан Құдиярұлы.

Страница 1 из 13