Қоғамдық кеңес мүшелерi бас қосты Избранное

Среда, 17 Август 2016 06:57 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5250 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Мұхтар Битеміровтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Онда Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады.

DSC 6171

Ал Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов «Қазақстан Республикасының «Жер Кодексіне» енгізілген өзгерістер туралы тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстарының атқарылуы» туралы хабарлады.

Бұдан кейін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қуанышбеков баяндама жасады. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттар тізбесін нақтылау мәселелерін ортаға салды.

DSC 6165

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов «Ашық әкімдік жүйесінің» жобасы туралы кеңірек ақпарат берді. Бұл бағытта қызмет көрсету қыркүйек айында басталатынын хабарлады. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің қызғалдақ бейнесіндегі логотипі туралы Қоғамдық кеңес мүшелерімен пікір алмасты.

Жиын соңында Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А. Қаныбеков «Шымкентке қош келдіңіз!» атты саяхатшыларға арналған журналдың алғашқы нұсқасын таныстырып, ұсыныстар күтетінін айтты. Қоғамдық кеңес мүшелері сол сәтте-ақ, Шымкенттің мәдени ошақтары туралы толық мағлұмат қамтылып, жергілікті халықтың салт-дәстүрі туралы ақпараттарды да қосуға ұсыныс жасады. Аталмыш журнал алдағы уақытта Шымқаланың жанға жайлы, көрікті, саялы жерлері туралы ақпараттарды толықтырып, үш тілде жарық көреді. Оны қала қонақтарын қабылдайтын әуежай, темір жол вокзалы, қонақүй сынды орындардың кіреберіс сөрелеріне жайғастыру жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.