Үкіметте бірқатар лауазымды қызметте өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Премьер-Министрі қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.
ҚР Премьер-Министрінің міндетін уақытша атқару ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.
Елбасының Өкімімен ҚР ҰҚК Төрағасы Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болады. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.