Жерді заңдастыру енді халыққа қолжетімді болмақ. Жердің нысаналы мақсатын ауыстыру жұмыстары халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл туралы Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде өткен басқосуда айтылды. Бөлім басшысы Бауыржан Кенжеғұлов тұрғындарға мемлекеттік қызметтің төрт түрін ұсынатынын жеткізді. Олар – сәулетті жоспарлау және қайта құрылымдау ісі. Мекен-жай анықтамасын беру мен эскиз жобасын бекіту болатын. Енді жердің нысаналы мақсатын ауыстыру бойынша бесінші қызмет түрі енгізіліп отыр. Сала мамандарының айтуынша, жыл басынан бері жерге қатысты азаматтардың мәселелері шешімдерін тапқан.