Жұмыссыздық пен баспана мәселесі – басты назарда

Среда, 21 Сентябрь 2016 06:03 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3646 раз

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алты айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Депутат Нұрғазы Бұхарбаев төрағалық еткен сессия жиынына облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, қалалық мәслихат депутаттары мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты.

14372349 1788357744743918 277648600544695228 o

Шаһар басшысының айтуынша, қаланың даму концепциясына байланысты жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін қаланың 2016 жылғы бюджетіне жаңадан 68 жоба енгізілген.

– Осы жылдан бастап әкімдіктің жұмыс жоспарына қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу, тұрғындардың қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру және қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердің санын арттыру міндеттері қойылып отыр. Бірінші кезекте назарға алатын мәселе жұмыссыздықты және жер мәселесін шешу, – деді қала әкімі.

Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 нысанның құрылысына 7,4 млрд теңге бөлініп, қазіргі таңда барлық нысанның мердігерлері анықталды. Оның 3,1 млрд теңгесі игерілді.

Қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету – ең өзекті мәселе. Осыған орай, 2016 жылдың 6 айында іске қосылған тұрғын үй көлемі 165,3 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өскен.
Сессия соңында мәслихат депуттары қала әкімінің алты айлық есебін оң бағалады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.