Германия делегациясы келді Избранное

Пятница, 07 Октябрь 2016 06:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3796 раз

Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Германияның Экономика министрлігінің өкілі бастаған неміс бизнес делегациясымен кездесті.

Қала әкімдігінде өткен екі жақты кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Шымкент қаласының айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар екенін атап өтіп, қонақтарға болашақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды. Шетелдік инвесторлар Шымкенттің қонақжай қала екендігін айтып, өз алғысын білдірді. Әрі Қазақстан өз кезегінде Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Алқалы жиында неміс кәсіпкерлері өз компанияларының қызметі туралы айтып берді. Айта кетерлігі, неміс кәсіпорындары шойын су құбырларын, жер асты суларының жай-күйін қадағалайтын және сарқынды суды тазарту жабдығына арналған сүзгілер, ұңғымаларды салу және ағынды суларды ағызу жұмыстарымен айналысады.

Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Осы реткі жұмыс сапары аясында шетелдік кәсіпкерлер Шымкент су компаниясының жұмысымен танысады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.