Версия для печати

Басты бағыт – медианарықты дамыту Избранное

Пятница, 21 Октябрь 2016 05:22 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4795 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде елдегі медианарықтың ордасына айналған. Санының көптігімен қатар өңірлік БАҚ республикалық деңгейде алдыңғы лекте аталады. Бұл жөнінде Шымкентте өткен «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» тақырыбындағы екінші республикалық журналистер форумында айтылды.

14741776 1191777184202303 2084151185 n

‒ Үш миллионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік өңірінде жалпы саны 236 бұқаралық ақпарат құралы бар. Олардың 175-і газет болса, 37-і журнал, 12-і телеарна, 3-і радио. Бұған қоса, 9 интернет ресурс халыққа жылдам әрі толымды ақпарат таратуда. Біз өз тарапымыздан, БАҚ өкілдерін, Елбасы айтқандай, бір ұлт болып ұйысуға, ілгерілеуге, Ұлт Жоспары мақсатында атқарылған шараларға белсене қатысып, ақпаратпен қамтуға шақырамыз, – деді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жансейіт Қансейітұлы. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен бұл жолғы басқосу – Елбасы Н. Назарбаев айқындап берген «100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» орындауды көздейді. Осы орайда, облыс әкімі алдағы уақытта журналистер қауымымен ортақ диалог алаңын құруға дайын екенін және түрлі тақырыпта аймақтық форум өткізіп тұруды ұсынды. 

14793989 1191777260868962 345040180 n

Форумдағы «Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызы» тақырыбы аясында республикалық «Түркістан» газетінің бас редакторы Шамшиддин Пәттеев, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы 

Срайыл Смайыл толғамды ой-пікірлерін жеткізді. Форумның екінші бөлігінде «Медиакеңістіктегі бәсеке, дәстүрлі БАҚ-тың болашағы» тақырыбында ой-ұсыныстар ортаға салынды.
Форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлер екшеліп, жинақталып, алдағы кезде ел пайдасына жұмыс істейтін болады.