15 нысан бойынша саяхат ұйымдастырылады Избранное

Пятница, 28 Октябрь 2016 06:06 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4601 раз
Келесі жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 2-3 миллионнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда шетелдік туристер үшін Қазақстанның барлық өңірін қамтитын 73 маршрут белгіленген.
Оның ішінде Оңтүстіктен 15 нысан бар. Келген қонақтарға 3 және 5 күндік экскурсиялық бағыттар бойынша арнайы қызмет көрсетіледі. «Оңтүстік» туризм орталығының жоба менеджері Дархан Асанханның айтуынша, көрмеге үлес қосу мақсатында бүгінде бекітілген нысандарда арнайы инфотурлар өткізіле бастаған. 
 
 
– Көрме елімізгеірі инвестиция тартуға және өңіріміздің тарихи-мәдени ескерткіштері мен табиғатымызды насихаттауға үлкен мүмкіндік.Сол себептен қазір біз өз тарапымыздан кешенді дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Бағдарламада Түркістан, Сауран, Отырар, Арыстанбаб сынды тарихи орындар, тағы басқа нысандар бар, – дейді  «Оңтүстік» туризм орталығының өкілі. 
 
Еске сала кетсек, жоғарыдағы нысандардан бөлек, өңірдің бірнеше аудандарында да маршруттар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, көрмеге келушілер Бәйдібек ауданындағы «Ақмешіт» үңгірі, «Домалақ ана» кесенесіне, Қазығұрт ауданындағы «Кемеқалған» монументіне, сондай-ақ, «Тау самалы» мен «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркі, Ақсу-Жабағылы қорығына және Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағына да барады. Сонымен қатар, Шымкенттегі «Наурыз» алаңында ұлттық спорт түрлерінен ойындарды тамашалайды.
 
Последнее изменение Пятница, 28 Октябрь 2016 07:49