×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндет

Среда, 02 Ноябрь 2016 05:55 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4877 раз

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мәдениет саласы және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынға облысымыздың белгілі ақын-жазушылары мен ғалым, археологтары, суретшілер мен қолөнер шеберлері, композиторлар және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

madeniet 1

Жиында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов салада жыл басынан бергі 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, өңіріміздегі 423 кітапханадағы кітаптар саны 74 мыңнан астам жаңа кітаптармен толықтырылып, жалпы қор 7 млн 185 мың данаға жеткен. Электрондық кітап қоры 17355 дананы құрап отыр.

Кездесу барысында облысымыздағы ақын-жазушылар мен профессор-ғалымдар және археологтар тарихи, рухани мұралар жайындағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, олар өңірдің мәдениетін көтеру мақсатында ұлттық идеологияны қалыптастырып, қазақтың дәстүрлі өнерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету үшін барлық аудан, қалалардан ақындар мектебін ашу мәселесін, өңірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерін қорғау және Шымкент, Сайрам қалашықтарын ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу мәселелерін тілге тиек етті.

madeniet 2

Өз кезегінде, облыс әкімі өңірдің туризм саласы бағыты бойынша үлкен тұжырымдама жасалынып жатқанын атап өтіп, туристерге Түркістанның рухани орталық екенін көрсету қажеттігін айтты.

– Бүгінде киелі Түркістанда туристер үшін кесенеден басқа баратын жер жоқ. Ол туралы деректерді көбірек насихаттау үшін Түркістан қаласынан Яссауидің жеке мұражайы мен ол туралы кейінгі ұрпаққа тереңірек таныту үшін Яссауи мектебін ұйымдастыруды ұсынамын, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы салт-дәстүр мен байырғы әдет-ғұрпымызды, ұлттық тағамдарымыз бен қолөнермізді дамыту қажеттігіне тоқталды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында рухани саладағы әрбір сала мамандарынан облыс әкімі жанындағы ақылдастар алқасын құрып, сол азаматтардың ақыл-кеңестерін тыңдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, мәдениет саласының жұмысын жақсарту бойынша облыс әкімдігінің хаттамасы толтырылды. Бұл ретте облыс әкімі Ж.Түймебаев әрбір көтерілген кемшіліктердің сапалы әрі мерзімді орындалуы қадағаланатынын ескертті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.