Газдан уланып қалмаңыз! Избранное

Среда, 16 Ноябрь 2016 05:49 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4750 раз

Орталық коммуникация қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының қатысуымен брифинг өтті.

DSC 0384

Улы газбен уланудың алдын алу бойынша сөз алған ОҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Жүнісов мынадай мәліметтерді алға тартты: 

– Жыл сайын алдын алу шаралары жүргізілуіне қарамастан, 2016 жылдың басынан бері ОҚО бойынша жылыту маусымында улы газбен уланудың 29 оқиғасы тіркелді, 76 адам зардап шекті, оның ішінде 28 адам қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген оқиғалар, зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың саны 3,5 есе өсіп отыр. 

Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың ішінде жасы 1-8 аралығындағы 9 бала, 16 жасар 1 қыз бар. Тіркелген 29 оқиғаның ішінде 25 оқиға жеке тұрғын үйде, қалған 4-і көпқабатты үйлерде орын алған. Оның 21-і – табиғи газбен улану, 8-і – қатты отын пайдаланатын пештерді қолданғанда орын алып отыр.

Сала мамандарының айтуынша, уланудың себептері – жарамсыз пеш қалдықтарын пайдалану, атап айтқанда, жылыту жүйесін өз бетінше орналастыру, сонымен қатар тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларының бұзылуынан туындап отыр. Сондай-ақ улы газбен уланған оқиғалардың басым бөлігі ұйқыда жатқан кезде орын алған. 

Қазір тұрғындар екі есе қырағы болуы керек, себебі, жылыту құралдары қосылған электр тораптарына екі есе күш түседі. Қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдалану, пештердің ақаулығы өрт шығуына себеп болып, улы газбен улану оқиғаларына алып келуі мүмкін. Сонымен бірге мамандар төтенше жағдайдың алдын алу үшін сертификатталған электр құралдарын пайдалануға, электр желілерін тек қана білікті маманға жөндетуге, жылыту пештерін уақытылы тексертуге және жөндеуден өткізіп тұруға, ересек адамдардың қарауынсыз жас балаларды қалдырмауға кеңес береді. Алғашқы өрт сөндіру құралдары туралы да ұмытпаған абзал.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.