×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Тілеулестік – ел бірлігінің айғағы» Избранное

Среда, 11 Январь 2017 04:46 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3858 раз

Кеше ҚР Парламенті Мәжілі-сінің депутаты Ахмад Мурадов «Қоғамдық келісім» КММ-інде ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесті.

 DSC9817

Ел Тәуелсіздігінің басты құндылығы саналатын этносаралық бірлік пен татулықты нығайтуға Парламент депутаты да өзіндік үлесін қосты. Өңірдегі жағдаймен танысып, пікірін білдірді. Алғашқы сөзін қаладағы орын алған апатты жағдайдан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстарына көңіл айтудан бастады.

– Қайғылы жағдай баршамызды қамықтырды. Әйтсе де, мәселеге «тағдыры солай болды» деп қарауға болмайды. Мұндай қауіптерді болдырмаудың жолын қарастырып, қатердің алдын алу керек. Әлеуметтік жағдайдың сапасын арттыру қажет. Екінші жағы – елдің құлағы түрік жүргені, апатты жағдай орын алғаннан кейін көмектесуге тілеулестік ықылас таныту – елдің бірлігін, бір-біріне деген мейірімін көрсетті, – деген депутат заңнамадағы өзгерістерге де тоқталды.

Ассамблея атынан сайланған Мәжіліс депутаты бұл күні түстен кейін «Қоғамдық келісім» КММ-інде қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
11 қаңтар күні Ахмад Мурадов сағат 10:00-де облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұжымымен, сағат 15:30-да Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлерімен кездесуді жоспарлаған. Ал 12-13 қаңтар күндері Төлеби ауданы мен Түркістан қаласының тұрғындарының пікірін тыңдап қайтуды көздеп отыр.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.