Делегаттар тізімі анықталды Избранное

Среда, 11 Январь 2017 07:17 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 6104 раз

Шымкентте бүгінде 89 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр.

Азаматтарға жер учаскесін заң аясында беру мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXX конференциясында осы мәселе сөз болды.

Қала әкімінің орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, партия мүшелері өз ұсыныстарын айтты.

Жиында алдымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыға түсті. Қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, қалада заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне алынған. Азаматтарға жер телімін заң аясында беру мәселесі бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне хат жолданған. Тұрғын-үй қатынастары туралы заңға өзгерістер енсе, азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жеңілдей түспек. Жалпы, жер учаскесі берілу үшін алдымен ол жерде коммуникациялық жүйелер жүргізілуі тиіс.

Басқосу соңында 13-і қаңтарда өтетін «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының кезектен тыс XXX конференциясына Шымкент қаласынан қатысатын делегаттардың тізімі анықталды. Олардың қатарында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия мүшелері бар.

Последнее изменение Среда, 11 Январь 2017 10:07