Елбасы Үндеуіне қолдау білдірді

Среда, 01 Февраль 2017 04:24 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3777 раз

469562 html m540fc5ed

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік басқарудағы өкілеттіліктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуін талқылаған Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары өз ұсыныстарын жасады.

Мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясы мүшесі Марат Тамабаев биліктің мемлекетті басқаруды бірлесіп, бөліп атқаруға дайын екенін айта келе, Үндеу-ұсыныстың Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық қалыптасу кезеңінен өткен тұста жасалып отырғанына тоқталды. Мәслихат депутатының пікірінше, билік тармақтарында тепе-теңдік орнап, Президенттің рөлі «жоғарғы қазы» ретінде белгіленіп отыр.

Өз кезегінде, «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баян Есімова Президент өкілеттіктерінің Үкімет пен Парламентке бөлінуі азаматтық қоғамның да белсенділігін қажет ететінін, ал одан барша қазақстандықтардың тыс қалмауы керектігін тілге тиек етті.
Жиынға қатысушылар Елбасы жария еткен саяси жүйені жаңғыртудың мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының өзара іс-әрекетінің үйлесімділігін және олардың әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 

IMG 7929Бекайдар ТӨЛЕГЕНОВ, 
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты:

Даму мен жаңаруға бастайды

– Конституцияға, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларына өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Негізінен, билік тармақтарына берілетін өкілеттіктер әлеуметтік-экономикалық сипатта. Олар Үкіметке, биліктің жергілікті атқару органдарына беріледі. Бұл өкілеттіктер тек қолға билік ұстату емес, ең алдымен жауапкершілік деген сөз. Ал саяси сипаттағы өкілеттіктер Парламентке беріледі. Бұл деген, менің ойымша, сайлаудағы бәсекені, сайлаушылардың белсенділігін арттырады. Азаматтардың саяси белсенділігін жоғарылатады, заң шығарушы Парламент жауапкершілігін де нығайта түседі. Уақыт талап етіп отырған осы мәселелерді Президент өз Үндеуінде айтып берді. Мұны біз қолдаймыз.

Осы кезеңде біздерге жүктелген жауапкершілік те өте зор. Себебі, осы реформа жолында Конституцияға және көптеген заңдарға өзгерістер енгізіледі. Үкіметтің өкілеті кеңейіп, Парламенттің рөлі күшейеді. Конституциялық кеңестің, сот жүйесінің және прокуратураның қызметі жетілдірілетін болады.
Президентіміздің Жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасы жалпы халықтық талқылауға шығарылады. Сондықтан ел болып, халық болып осы маңызды реформаны зор табыспен өткізіп, алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз.

 

aidana 9Айдана БЕГІМБЕТОВА,
«Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Жаңа экономика, жаңа қоғам құрамыз

– Президент Үндеуі – ең алдымен елдің қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан, мүмкіндікті мейлінше пайдаланып, халық игілігі үшін жұмыс істеуіміз керек.
Мемлекет Басшысы өз құзыретіндегі біршама өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке берді. Бұл – жаһандық ахуал мен ғаламдық үдерістерге, технологиялық және әлеуметтік жаңғырту талаптарына берілген нақты жауап. Басты мақсат – басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттыру. Бұл тікелей, мемлекеттің және ұрпақтың болашағын ойлағаннан жасалған қадам.
Біз егемендік алған күннен бастап тиімді президенттік басқару жүйесінің арқасында өзіміздің қазақстандық даму жолымызды қалыптастыра отырып, өте биік табыстарға жеттік. Елбасымыз айтқандай, жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық. Бүкіл әлем таныған әйгілі мемлекетке айналдық.
Осы жетістіктерімізді сақтап, одан әрі үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқаруды жаңғырту туралы бастама Елбасының болашақты болжайтын, көреген саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен бірге, бұл Президенттің саяси жүйені демократияландыру жолындағы тарихи шешімі деп білеміз. Бұл еліміз үшін, болашақ үшін өте маңызды қадам болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.