Венгрияның өкілдігі ашылды Избранное

Пятница, 03 Февраль 2017 04:17 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3964 раз

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Миклош Иштванды және Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті.

16266348 1194382204011450 7158375240089904657 n

Басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады.

– Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлт та кең далада тіршілік еткен. Сондықтан венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Оңтүстік Қазақстан облысы мен Венгрия елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аграрлық салаға бейім өңірге венгр инвесторларының қызығушылығы мол. Облыс әкімі елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы айтып берді. 

Кездесуде Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың қолға алынып жатқанын жеткізді. 

16387062 1194388047344199 537767759270874301 n

– Венгрлер Қазақстанға визасыз-ақ келуіне болады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік байланысты нығайтуға айтарлықтай ықпалын тигізеді, – деді елші.

Қабылдаудан соң, екі тарап Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанатына қатысты. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымының ұлғаюына мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов тағайындалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.