Анкара – Шымкент туыстық пен тәжірибе көпірі Избранное

Пятница, 03 Февраль 2017 04:25 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4415 раз

Аймақ басшысы Ж. Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірдің қаржы, жол құрылысы, энергетика, туризм салаларының мамандары мен БАҚ өкілдері, жалпы 22 адамнан тұратын делегациясы Түркия Республикасында тәжірибе алмасып қайтты.

ankara shymkent 10

Анкараға жасаған сапардан алған әсері мен нәтижесі бойынша ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Көшеров, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Қ. Тастанов, сәулетші Н. Архабаев ой бөлісті.

Брифингте белгілі болғандай, өңірден барған делегаттарды Анкара қаласы мэр орынбасарының көмекшісі Юнус Алуч күтіп алып, қаланың тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайы туралы және алдағы даму жоспарларымен таныстырған. Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандықтарды Анкара қаласының мэры М. Гекчек пен Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінің үшінші хатшысы М. Отарбаев қабылдаған. 

Сапар барысында делегаттар «Дикмен» шатқалына, «Солтүстік Анкара» жобасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және шатқалдарды абаттандыру барысымен танысты. Мамандар аралау барысында Анкарадағы құрылыстың қысқа мерзімде және үш жолақты көшелердің құрылысы 5 ай мерзімде аяқталатынын жеткізді. Сонымен қатар, олар ірі өндіріс орындары шоғырланған «Синджан» индустриалды аймағында болып, бірқатар кәсіпорынның жұмысын аралап көріпті. 

Айта кетейік, бұған дейін де 110 адамнан құралған арнайы делегация Түркия Республикасында тәжірибе алмасып, білімін шыңдап келген болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.