×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Түркия тәжірибесі қолайлы

Среда, 08 Февраль 2017 08:13 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5055 раз

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркияға тəжірибе алмасуға барған өңірдің 15 медицина қызметкері Анталия қаласындағы 6 клиниканы аралап, заманауи технологияның озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл жөнінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте облыстық эндокринология диспансерінің дәрігер-эсперті, топ жетекшісі Қалкөз Қасымбекова мәлім етті.

turkia

Қалкөз Бақытқызының айтуынша, өңірден барған арнайы топ Анталиядан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Испарта қаласындағы 750 орынға арналған аурухана ғимаратын аралаған. Онда тұрғындарға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін медициналық құрылымдардың жүйеленген жұмыстарымен танысып, коронароангиографиялық, клиника-диагностикалық, рентген-аритмологиялық зертханалары мен науқастарды қабылдау бөлімдерінде болды. Ондағы бір ерекшелік – тұрақты электрокардиостимуляторлар, кардиовертер-дефибриллятор, СРТ – Д құрылғылары орнатылған кардиология саласындағы коронография, стенттеу оталары АҚШ тәжірибесі негізінде жүргізіледі. Жекеменшік иелігіндегі 120 адамға арналған «OZEL OFM» клиникасында бір айда 30 адамның жүрегіне ота жасалады екен.

Ал Анталия қаласындағы «Training Hospital» клиникасының бір мезгілде 2200 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2016 жылы 2,5 миллион науқас ем қабылдаған болса, соның 1,5 миллионға жуығы шетелдіктер.

– Түркияда бізде енді-енді қолға алынып жатқан сүйек кемігі науқастарына транспантациялау оталары көптеп жасалады екен. Транспантология өте қатты дамыған. Әрбір азаматы – тегін донор. Көлік жүргізуші куәлігін алар кезде олар саналы түрде өздерінің ағзасындағы бір мүшесін донор ретінде беруге келісім береді. Аталған келісім белгісі жүргізуші куәлігінде көрсетіледі. Егер ол жол апатынан қайтыс болса, медицина мамандары шұғыл түрде іске кірісіп, зақымданбаған сау мүшесін қажет ететін науқасқа тегін трансплантациялайды. Донор тапшылығы жоқ, – дейді Қалкөз Бақытқызы.

Ана болуды жоспарлау жүйелі түрде жүзеге асады. Түсік жасауға мемлекеттік деңгейде қатаң тыйым салынған. Әйелдің өміріне қауіп төнетіндей жағдай болмаса, мүлдем рұқсат етілмейді екен.
Медицина саласында әлемдік кеңістікте жоғары жетістіктерге қол жеткізген Түркияның бүгінгі бағдарын саралаған өңір дәрігерлері енді көңілге түйгенін жүзеге асыруға бейілді.

Последнее изменение Среда, 08 Февраль 2017 09:01