×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкентте инвестор тартудың мүмкіндігі мол Избранное

Пятница, 17 Февраль 2017 05:23 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4226 раз

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтың қала активімен кездесуі өтті. Жиынға қалалық бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

 DSC7515

Жиында баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Дархан Сатыбалды бұл стратегиялық құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз қалайтынын айта келе, оның ішінде аймақтың дамуына жол ашатын басым бағыттарына кеңінен тоқталды.

– Еліміздің тарихи жаңа белесін бастаған маңызды құжатта Президент дамудың жаңа бағыттарын белгілеп берді. Онда, әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіп саласын дамытуға, өңірге тартылған инвестициялар көлемін 2020 жылға қарай 14,5 пайыздан 25 пайызға дейін ұлғайтуға басымдық беріледі. Бұл үшін өңірдің барлық аудан-қалаларында инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильді топтар құрылды. Осы арқылы өңірдің экспорт айналымын еселеуге нақты жоспарлы қадам жасалуда, – деді Дархан Амангелдіұлы.

DSC 7323

Елбасымыздың биылғы Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуға және кеңейтуге, елімізде инвестициялық климатты нығайтуға, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар жүргізу қажеттігіне басымдық беріліп отыр. Бұл тұрғыда өңірде дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу арқылы жүйелі жұмыстарды қолға алу қажеттігі нақтыланды.

Келелі кеңесте сөз алған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ОҚМПИ-ның Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Сапарханұлы, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды атап өтті. 

DSC 7250

Жиынды қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қорытындылады.

– Жолдауда негізінен кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту сынды әлеуметтік салаларға басымдық берілген. Жұмыссыз жастардың қатарын азайту мақсатында мемлекет өз тарапынан ниетті азаматтарды кәсіпкерлік саласына баулып, ол үшін 16 миллион теңгеге дейін микронесие де ұсынуда. Тұрғындар саны 1 миллионға жуықтайтын Шымкент қаласында инвестиция тартудың мүмкіндігі де жоғары. Ендігі жерде, Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда бірлесе қызмет атқарғанымыз жөн, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы. 

Ақпараттық-насихат топтары Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру шараларын жүргізетін болады.