Версия для печати

Жолдау міндеттері – жетістік кілті Избранное

Пятница, 24 Февраль 2017 04:05 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4122 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Нұр Отан» партиясының облыстық және жергілікті филиалдарына жаңа міндеттер жүктейді. Ондағы көрсетілген басымдықтар өңірлік партия жұмысының негізгі өзегіне айналмақ. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясында Жолдаудың мән-маңызы талқыланды.

New emblem of the Nur-Otan

Конференцияға облыстық партия филиалы саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның төрағасы Қайрат Балабиев баяндама жасады.

– Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, ел экономикасының негізгі тірегі саналатын кәсіпкерлік саласына, жергілікті тауар өндірушілерге кең көлемді қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта, өңірде 11 индустралді аймағы құрылған. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бойынша Оңтүстік өңірі ел аумағында 3-орынға ие. Ендігі жерде, 1 миллиард теңгені құрайтын өңірдің тауар айналымын еселей түсуге нақты қадамдар жасалуда. Бұл тұрғыда, Оңтүстік – аграрлы өңір болғандықтан, ішкі ресурстарды тиімді пайдалана отырып, елдегі жетекші орынға шығу мүмкіндігіміз бар, – деп атап өтті Қайрат Рахымұлы.

Өз кезегінде, жарыссөзге шыққан «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова, облыстық мәслихат депутаты, «Ескі Иқан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Зуппархан Чалданов, партия мүшесі Валерий Гордиенко Елбасы Жолдауын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырды.

Жолдауды кең көлемде насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ бүгінде өңірдің барлық аудан-қалаларында жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде. Бұл үшін саяси кеңес мүшелерінің әрқайсысы 820 бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыруға бекітілген.

Күн тәртібіне сәйкес, «Нұр Отан» партиясынан облыстық №11, №25 және №31 сайлау округтері бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша қарар қабылданды.