×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КЕҢЕСТІ Избранное

Пятница, 17 Март 2017 06:28 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5365 раз

Шымкент қалалық мәслихаты аппараты қала ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Жиында қаланың экономикалық-әлеуметтік ахуалы сарапталып, мәслихаттың, депутаттық корпустың жұмыс жоспары зерделенді. Қала шаруашылығына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы таныстырылды. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 31 қаңтардағы: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров жүргізіп отырды.

maslikhat

– Өткен жылда қалалық мәслихат 14 сессия өткізді. Онда жалпы саны 170-тен астам мәселе қаралыпты. Мегаполис қаланың бүгінгі бюджеті 110 миллиард теңгеге толығып, халық саны 930 мыңға жетті. Ендігі жерде, аға буын өкілдерімен ұдайы бірлесе, кеңесе отырып, қаладағы шалғай орналасқан елдімекендердің әлеуметтік ахуалын көтеру – негізгі міндет, – деп атап өтті қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы.

Басқосуда сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Рысбай жиынға шақырылған ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерін таныстырды. ҚР «Құрметті журналисті», «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» ОҚО аймақтық филиалының төрағасы, «ОҚО құрметті азаматы» Байдулла Қонысбек қалалық мәслихат депутаттарын қала бюджетінің иегерілуі, қала тазалығы, көп қабатты үйлердің аулалары мен алаңшаларын абаттандыруға баса көңіл бөлуге шақырды. Ал Еңбек ардагері, «Шардара ауданының құрметті азаматы» Өстемір Тілеген қаламыздың коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде көгілдір газ бағасының негізсіз шарықтап кеткендігін, яғни басқа қалалармен салыстырғанда өте жоғары екендігін жеткізіп, мәселені реттеуді ұсынды. Бұдан бөлек, «Шымкент қаласының құрметті азаматы», ҚР «Құрмет Грамотасының» иегері Дәметер Бөлегенова, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, білім саласының үздігі, «Созақ ауданының құрметті азаматы» Мыңжасар Асқаров, «Шымкент қаласының құрметті азаматы», милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов өз ұсыныс-ойын жеткізіп, бірқатар өзекті мәселелердің оң шешім табуына депутаттардың ықпал етуін сұрады. 

Өз кезегінде, қалалық мәслихат хатшысы Н. Бекназаров ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің айтқан ұсыныстары қараусыз қалмайтынын, тиісті құзырлы органдарға депутаттық сауалдардың жолданатынын жеткізді. Жолданған сын-ұсыныстар қалалық мәслихат аппаратының тұрақты бақылауына алынбақ.

Еркін пікір алмасу жағдайындағы мұндай жиындар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.