×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жаңаша дамуға бастайтын бағдар Избранное

Среда, 19 Апрель 2017 10:41 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 1875 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңір активі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар, аумақтық департамент, құзырлы орган басшылары және облыс ардагерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты.

talqylau-30

Өңір басшысы Президенттің бағдарламалық мақаласы соңғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болғанын ерекше атап өтті. Онда Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамыту жолында рухани қорымызды барынша байытатын көп салалы жаңа бағдарламасын ұсынып отырғанына тоқталды. 

– Ел Президенті қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін айтты. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Сондықтан біздің міндетіміз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларға басты назар аудару, – деп атап өтті Жансейіт Қансейітұлы.

Мақсат айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең озық отыз елдің қатарына қосылу екенін айтқан аймақ басшысы мақаладағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деген екінші бөлімінде Елбасымыз бәрімізге, әрбір қазақстандыққа нақты міндеттер жүктегенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы М. Байғұт, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, профессор Б. Тілеубердиев, Шымкент қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның директоры Қ. Кәдірбаева, облыстық «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары К. Исмаилов өз пікірлерін білдірді.

Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыс әкімі сала мамандарына мақаланы насихаттау бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін облыстық және аудан, қалалық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырып, желілік кесте әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әлеуметтік желілерде жұмысты күшейтуді айтты. Актив отырысын қорытындылаған облыс әкімі Елбасымыздың бұл мақаласын насихаттау, түсіндіру, жүзеге асыру – мемлекеттік органдарға ғана емес, жалпы қоғамға жүктелген міндет екенін жеткізді.

Жиында күн тәртібіндегі екінші мәселе – Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының облыста жүзеге асырылу барысы бойынша облыс әкімі орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.