Қаржының көбі – коммуналдық салаға Избранное

Среда, 19 Апрель 2017 10:57 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4537 раз

Кеше Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 11-ші сессиясы өтті. Онда ОҚО мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы шешіміне сәйкес, Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Сессияға қала әкімі Ғ. Әбдірахымов пен 28 депутат қатысты.

DSC 3380

Мәжілісті қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғ. Ташқараев жүргізді. Бұған дейін Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті тұрақты комиссияда егжей-тегжейлі қаралған. Сол кезде қалалық бюджетке қандай өзгерістер енгізілгені туралы қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова мәлімдеді. Түзетулердің нәтижесінде 2017-2019 жылдарға арналған нақтыланған бюджет былайша бөлінген:

– Республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан жалпы 599, 7 млн теңге көлемінде қосымша қаражаттар бөлінді;

– Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің жалпы 599,7 млн теңгесі қысқарды;

– Жергілікті бюджет бойынша, қала бюджетінің кіріс бөлігін 2517, 9 млн теңгеге ұлғайтылып отыр, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша үнемделген қаражаттар келесідей мақсаттарға пайдаланылуда, оның ішінде:

– Білім, денешынықтыру және спорт, әлеуметтік қолдау және мәдениет салаларына 475, 1 млн теңге, құрылыс саласына 304,5 млн теңге, жолдарды жөндеу мен құрылысына 905, 7 млн теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 1314,6 млн теңге, тұрғын үй қатынастары 218,8 млн теңге және де өзге мақсаттарға қаржы бағытталуда. 

DSC 3363

Қалалық мәслихат хатшысы Н. Бекназаров тұрақты комиссиялар және фракциялар отырысында бюджет мәселесіне қатысты депутаттардың тарапынан біраз сауалдардың туындағанын айтты. 

– Тоғыс елдімекенін ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі туралы, жарық, кәсіпкерлік және спорт мәселелеріне байланысты сауалдарға депутаттар өз жауабын алды деп ойлаймын, - деді Н. Құдиярұлы. 

Жиында сөз алған қала әкімі Ғ. Әбдірахымов депутаттардың шешіміне алғыс білдірді. Көктемде атқарып үлгеруге тиіс шаруаның шаш етектен екенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Өткен сессияда мәслихат құрамына қосылған депутаттар Т. Сұлтанова мен М. Нұрмановты құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.