Версия для печати

«Нұрлы жол» бағдарламасының қаржысын толық игеруді тапсырды

Среда, 23 Август 2017 05:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3664 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаржының толық игерілуі бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

97f64983cadd8e5bb3a937019a77a745 crop l 14 t 21 w 1250 h 703

– Елбасы жұмыс бабындағы кеңес өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты бірқатар орынды сын-ескертпелер айтқан болатын. Оның барлығы біздің жұмысымызда ескеріліп, Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуы қажет. Осыған байланысты сіздердің назарларыңызды бірқатар маңызды жайттарға аударғым келеді, – деді Премьер-Министр Үкімет мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде. – Біріншіден, кеңес барысында Елбасы жеті айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында бөлінген қаржының тек 40 пайызы игерілгеніне назар аударды. Бұл өз кезегінде бағдарламалар әкімшілері қаржының басым бөлігін екінші жартыжылдықта игеру тәжірибесін жалғастырып отырғанын білдіреді. Жауапты меморгандар мен әкімдіктер осы мәселені тұрақты қадағалауда ұстауы тиіс, – деп тапсырды Б. Сағынтаев. 

Бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігіне білім беру нысандарының құрылысы барысын бақылау жүктелді.

«Ұлттық экономика министрлігі ай сайынғы негізде нысандардың уақытылы пайдалануға берілу үдерісіне мониторинг жүргізіп,  Үкіметке мәліметтерді енгізуі тиіс. Ерлан Кенжеғалиұлы (Білім және ғылым министрі), қыркүйектің басында мектептердің құрылысы бойынша қарастыратын боламыз. Атап айтқанда, 1 қыркүйекке дейін қосымша 48 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деді Үкімет басшысы.

Последнее изменение Четверг, 24 Август 2017 03:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.