Нұрлан Сауранбаев – Шымкент қаласының жаңа әкімі Избранное

Вторник, 07 Ноябрь 2017 12:19 Автор  Опубликовано в Барлық мақалалар Прочитано 580 раз
frbvҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 
Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасының назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ басшысы қала әкіміне жаңа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
 
«Сіз кәсіби деңгейі жоғары, мемлекеттік қызметтің түрлі саласынан өткен тәжірибелі мамансыз, сондықтан да  Нұрлан Ермекұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселелерге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын  қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тартуды, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің инфрасртуктурасын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын»,-деді облыс әкімі.
 
Н.Е.Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист. Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастаған. 1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорын директоры, «АНПЗ» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті ретінде еңбек еткен.
 
2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
 
2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы  лауазымын атқарып келген.
 
Последнее изменение Вторник, 07 Ноябрь 2017 12:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді