Версия для печати

Шымкентте Литваның құрметті консулдығы ашылды Избранное

Среда, 31 Январь 2018 04:15 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3389 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Литваның Шымкенттегі құрметті консулы болып Мамадияр Қадырбеков тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

shymkala-8-6

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев консулдықтың ашылу рәсімі алдында Литваның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті. Қос тарап экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен туризм саласында әріптестік қарым-қатынасты орнату мәселелерін талқылады. Өңір басшысы мәртебелі қонақтарға өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері мен транзиттік әлеуеті жайын мәлімдеп, Қазақстан мен Литва арасында өзара тиімді серіктестік орнатылғанын жеткізді.

shymkala-8-5

– Оңтүстік Қазақстан облысы – өнеркәсіптік-аграрлы аймақ. Біздің өңірде қолайлы инвестициялық климат құрылған, сондай-ақ бизнесті ынталандыру және дамытудың тиісті тетіктері қарастырылған. Өңірімізде 11 индустриалды аймақ пен 1 экономикалық аймақ жұмыс істейді. Онда шетелдік инвесторларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымын кеңейтіп, инвест жобалардың көбеюіне себеп болары сөзсіз, – деді әкім.

shymkala-815

Дипломатиялық өкілдік қос ел арасындағы өзара ынтымақтастықты орнату мен дамытуды жоспарлап отырғанын айтқан Витаутас Наудужас литвалық кәсіпкерлер Оңтүстіктің мамандарымен әріптестік байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Шетелдіктерді өңірдегі аграрлық сектордың дамуы, ет өңдеу жұмыстары қызықтырып отыр.

Екі күндік жұмыс сапары барысында Балтық жағалауы елінен келген делегаттар өңірдегі индустриалды аймақтың жұмысымен танысып, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін тамашаламақ.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.