Версия для печати

Нидерланд корольдігінің елшісімен кездесті Избранное

Пятница, 18 Май 2018 04:58 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2565 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті.

Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты.
Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтап, облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге жасалып жатқан мүмкіншіктерімен таныстырды.
– Нидерланд –
Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор. Сіздер жақтан елімізге тартылған инвестицияның көлемі 6 млрд АҚШ долларына жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы да ауқымды, 5 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл қарым-қатынас, әсіресе, біздің облысымыз үшін тиімділігі ерекше болып отыр. Өңіріміз ауыл шаруашылығына бейім аймақ. Осы бағытта өздеріңізбен бірлесе отырып, көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Сіздерді бұдан да тығыз байланыс орнатуға шақырамын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Өңір басшысы, сондай-ақ, қонақтарды ОҚО мен Нидерланд арасында арнайы меморандум түзуге шақырды. Келісім-шарт негізінен ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бағытталатын болады.
Өз кезегінде Ян Коп Дирк облыс әкімінің ұсынысына қолдау білдіріп, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.
Кездесу соңында аймақ басшысы қонақтарға сый-сияпат жасап, естелікке суретке түсті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.