Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.

Среда, 25 Июль 2018 05:34 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 10112 раз

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы ел тұрғындарын рухани жаңғыруға үндеп, көп жылдан бері көкейде жүрген мақсат-мұратымызды айқындап берді. 70 жыл бойы, одан қала берді тәуелсіздіктің елең алаңында жоғалтыңқырап алған ұлттық құндылықтарымызды қайта оралтуға деген мұндай қадам – талайымыздың санамызға сәуле түсірген дүние болды.

 

Қазақ Елі өз дамуының жаңа кезеңіне өткені – тарихи ақиқат. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы халық­қа Жолдауында ел тарихының жа­ңа дәуірі басталғанын айта келіп, Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған болатын. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – Қазақстан жұртшы­лығына ұсынып отырған Қазақстан Президентінің жаңа дәуір кеңісті­гіндегі ел тағдырын анықтап, мем­лекетіміздің дамуын тануға, бағытбағдарын белгілеуге жаңа кеңістік ашар үшінші жаңғыру дәуірінің іргелі тарихи құжаты екеніне көзіміз жете түсті.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ел басының  халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процессі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда айтылған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білеміз.

         21 ғасырдағы ұлттық сана туралы күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.                                         

       Таяу жылдарғы міндеттер қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.

 

         Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

 

       «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырды. Білім биігіне, ғибадатты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы. Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді даналы сөйлеп, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз.

 

Ж.Пазылов

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының инспектор-

 тіркеушісі, «Қазақстан заңгерлер

одағы» ОҚО филиалының мүшесі

 

Последнее изменение Среда, 25 Июль 2018 06:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.