Версия для печати

Шымкент пен Астананың іскерлік байланысы дамиды Избранное

Среда, 01 Август 2018 03:57 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2785 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері өтуде. Елорданың 20 жылдығына орайластырылған іс-шаралар 28-29 шілде күндері Шымкентте де өтті. Осыған орай Астанадан іскерлік делегация келді.

b-forum 3

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысқан делегация мүшелері одан кейін «Астана – Шымкент өңіраралық байланысы» бизнес-форумына қатысты. Қалалық әкімдікте өткен жиында астаналық қонақтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысты.
Форум аясында іскерлік топтар мен даму институттары, мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлікті қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды, инвестициялық мүмкіндіктер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын талқылады. Бұған қоса Smart City концепциясы, экономиканы цифрландыруға қатысты инновациялық шешімдер мен қызмет көрсету саласының дамуы, бизнесті дамытудағы цифрлы маркетингтің маңызы сөз болды.
Кездесу қорытындысында өңіраралық әріптестікті дамытуға байланысты келісімдер жасалды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Д.Жумин астаналық қонақтарға өңіраралық байланысты дамытуға белсенді үлес қосқандары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.