Шымкенттен Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер анықталды Избранное

Среда, 15 Август 2018 04:58 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3330 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 36-сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласы сайлау комиссиясының төрағасы, комиссия мүшелері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

DSC 5962-1

Таяуда ғана Елбасының Жарлығымен Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалған еді. Осыған орай қала тарихында алғаш рет Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер ұсынылды.
Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну және Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне кандидат ұсыну болатын.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыны кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.
Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 29 депутаты Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Шымкент қаласының мәслихатын 20 жылдай басқарған мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровты кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына сайлау 2018 жылғы 5 қазанда өтеді.
Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екі азаматтың үміткерлерігін қолдап, олардың қайраткерлігін жоғары бағалады.
– Таяуда ғана тарихи құжатқа қол қойған Елбасына өз алғысымызды білдіреміз. Шымкент қаласының тарихында алғаш рет ҚР Парламенті Сенатына өз азаматтарымыз сайланбақ. Ұсынылған екі кандидат та шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан, белгілі азаматтар. Бұл азаматтар Парламент мінберінде жүріп те, қаламыздың дамуына үлес қоса береді деп сенеміз. Алдағы сайлауды жоғары деңгейде өткізуге күш саламыз, – деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.
Айта кетейік, Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2018 жылғы 5 қазанда өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.