Версия для печати

Шымкентте партияны жаңғырту жұмыстары жандана түседі Избранное

Пятница, 24 Август 2018 05:06 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3855 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында бастауыш партия ұйымдарының екі күндік аймақтық форумы өтті. Жиынға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы 250-ге жуық партия мүшелері қатысып, тәжірибе алмасты.

DSC 9190

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 5839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олар өз қатарларында 1 млн-нан астам партия мүшелерін біріктіреді. БПҰ төрағаларын, партия мүшелері тұрақты түрде партиялық оқытудың түрлі әдістерін қолдану арқылы (онлайн оқыту, семинар-тренингтер, соның ішінде көшпелі) оқытылуда. 2017-2018 жылдары БПҰ төрағаларының 4 мыңға жуығы партиялық оқуға қатысып, тәжірибелерін арттырған.
Форумның алғашқы күнінде 4 секциялық талқылаулар өтті. Сондай-ақ, секция жұмыстарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, үштілділіке көшу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 22 жаңа партиялық жобаны іске асыру тәсілдері талқыланды.
Бастауыш партия ұйымдары қызметін жандандыру тұжырымдамасы талқыға түскен бірінші секцияда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова негізгі басымдықтарды атап өтті. Жалпы, тұжырымдама БПҰ қызметін, оның ішінде партия мүшелерімен жұмысты жандандырудың нысандары мен түрлерін жетілдіру, бастауыш партия ұйымы және партия мүшелерінің деректер базасын өзектендіру, БПҰ жұмысын бағалау, ынталандыру жүйесін енгізуді көздейді. БПҰ жұмысын жандандырудың негізгі қағидалары – жүйелілік, кешенділік, атаулылық және ашықтық.
Партия тарихында алғаш рет өткізіліп отырған форумның екінші күні пленарлық мәжіліспен жалғасты. Оған қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, форумның жұмысы маңызды екеніне тоқталды.
– Жалпы, қарапайым халықпен жұмысты жандандырған кезде партия да күшейеді. Осы тұрғыда БПҰ–на жүктелетін міндет ауқымды. Себебі, сіздер тікелей халықпен жұмыс істейсіздер. Бүгінде Шымкент қаласында 20 мыңнан аса партия мүшелерін біріктірген 78 бастауыш ұйым бар. Қазір ұйымдардың саны көп болса да, бізге жұмыстың сапалы болғаны жөн. Жалпы, партияға елді ойлайтын, қоғамның қай бағытта дамып бара жатқанын білетін сауатты де елжанды азаматтар керек. Ең басты жұмысымыз – Елбасының тапсырмаларын сапалы орындау. Шымкент қаласы республикалық мәртебені алғаннан кейін алда үлкен мақсаттар тұр. Бірнеше IT сыныптар, коворкинг орталықтар аштық. Біз бұл жұмыстары одан әрі қарай жалғастыра береміз, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарының пленарлық мәжілісінде Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстық филиалдарының төрағаларының орынбасарлары бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша пікірлерін ортаға салды.
Пленарлық мәжілісті қорытындылаған Тамара Дүйсенова қазан айында Астана қаласында республикалық БПҰ-ның форумы өтетінін айтты.
– Елбасының «Нұр Отан» партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, Орталық аппарат бірнеше үлкен жобаны қолға алды. Бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру бойынша жобаны талқылап шықтық. Мұндай форум жыл сайын өтеді. Әр партия мүшесі өзінің көшбасшы партияның мүшесі екенін білсе, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға өзінің де жауапкершілігі бар екенін сезінетін болса, партияның өмірі ұзақ болады.
Республикалық форумға дейін ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынбыз, – деді Тамара Қасымқызы.
Айта кетсек, 15 қыркүйекке дейін партияны жаңғырту бойынша қосымша ұсыныстар қабылданады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.