Мемлекеттік қызметкерлер қатары артты Избранное

Среда, 05 Сентябрь 2018 04:31 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3301 раз

Шымкент қаласында қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлер саны көбейіп, 758 маманға жетті.

Госслужба

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді.
Әли Амантайұлының сөзінше, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Шымкентте 29 мемлекеттік орган бар. Оның ішінде қалалық әкімдік, 4 аудан әкімдігі, 22 жергілікті басқарма, Шымкент қалалық мәслихат пен қалалық тексеру комиссиясы бар. Мемлекеттік қызметкерлер штаты бұрынғы 509 лауазымнан 758 маманға көбейіп отыр.
Айта кетейік, бұл өзгерістер Шымкенттің республикалық қала дәрежесін иеленуіне байланысты. Осы өзгерістерге байланысты Шымкенттегі 14 бөлімнің атауы өзгеріп, жаңадан 8 басқарма құрылды. Соның нәтижесінде басқарма саны 22-ге жетіп отыр.
Қала аумағындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің бірқатары екіге бөлінсе, бірқатарының атауы өзгеріп, Шымкент қаласы бойынша департаменттер құрылуда. Атауы өзгеріп, жаңадан құрылған аумақтық 25 департаментегі мемлекеттік лауазым саны 1300 маманды құрайды.
Жалпы, Шымкент қаласындағы жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік лауазымдар саны 2000-нан асады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.