Версия для печати

«Жаңа бағдар – жетістіктің кілті»

Пятница, 21 Сентябрь 2018 05:40 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 9008 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты соңғы Жолдауында цифрландыру, жаңа технологияларға көшудің маңыздылығын атап өткен болатын.

59

«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» деп атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан халқының алдындағы негізгі 10 міндетті атады.
Шымкент қаласында салық жүйесінде жаңа технологияларға көшу, цифрландыру жүйесіне өту нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуде.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2018жылдың 1 жартыжылдығында Мемлекеттік бюджет жоспары 100,4 пайызға орындалып, есепті мерзімде бюджетке жоспардан тыс 92,7млн.теңге артығымен қамтамасыз етілді. Республикалық бюджет бойынша есепті мерзімге жоспар 107 пайызға орындалып, бюджетке жоспардан тыс 853млн. теңге артығымен өндірілді.
Жыл басында Салық Кодексіне енгізілген өзгертулер межелі жоспарды орындауда оңды ықпалын тигізуде. Салық жүйесіндегі жаңа өзгерістерде салықты «Электронды Үкімет» порталы арқылы төлеу, жеке кәсіпкерлікті тіркеуде және өзге де өтініштерді электронды түрде беру тетіктері қаралған. Басқарамада 2018 жылдың 1 жартыжылдығына жалпы қабылданған салық есептілік нысандар саны 69513, оның ішінде 69436 электронды түрде (99,9%) қабылданды. Қағаз жүзінде қабылдаған өтініштер 0,1 пайызды ғана құрап отыр.
Салық мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары ҚР Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 09 маусымдағы № 326 бұйрығымен бекітілген және оның мақсаты салық мәселелері бойынша қоғамның ақпараттануын арттыру мен көрсетілетін салық қызметінің сапасын, қоғамның қанағаттануын арттыру болып табылады.
Біздің қызметкерлер үшін Жолдаудың сегізінші басымдығын орындау маңызды міндеттердің бірі. Өйткені, «Тиімді мемлекеттік басқару» дегеніміз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуге, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді. Ендеше, мемлекеттік кірістер жүйесінің басым міндеттері экономиканы технологиялық жаңғыртумен ерекшелене түспек.
Салық органдарына келместен, есептелген салықтар туралы мәліметті ғаламтор арқылы алуға болатынын, берешек сома болған жағдайда кез-келген екінші деңгейлі банктер арқылы төлеуге болатынын хабарлаймыз.

Есептелген салық сомасын қалай білуге болады ?!
Сізде ғаламтормен пайдаланатын мүмкіндігіңіз болу қажет.
Төменде көрсетілген кесте бойынша, сілтемеге сәйкесінше өтіңіз.

Безымянный

Қайрат ҚҰДИЯРОВ,
Әл-Фараби ауданы
бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.