Версия для печати

Жасампаз бастамалардың жалғасы Избранное

Среда, 10 Октябрь 2018 04:15 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3518 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі уақытта әлемдік жаhандану үрдісінің дамушы нарықтары еліміздің даму динамикасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Зор әлеуетке ие Қазақстан өңірлік және әлемдік платформаларда да өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көрсетуде.

22

Біздің мақсатымыз - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін экономика мен халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз ету деп Қазақстан Президентті өзінің отандастарына арнаған "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты Жолдауында нақтылап айтып кетті. Биылғы Жолдау Елбасымыздың " 100- нақты қадам", "5 әлеуметтік бастама," "Қазақстан -2050" стратегиясы, әсіресе "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" т.б. еңбектерінің логикалық жалғасы деп есептеуге болады
Өз сөзінде Елбасы басты басымдықтардың бірі бірінші кезекте табыстардың тұрақты өсімі екендігін атап өтті, яғни ең төменгі еңбекақы төменгі күн көріс деңгейіне тәуелді болмайды. Ең төменгі еңбекақының жаңа мөлшері жалпы бүкіл экономика көлемінде еңбекақы өсімінің катализаторы болады, бұл мақсатқа бюджеттен 96 млрд. теңге бөлінді.
Жоғары білім беруде оқу орындарында дайындық сапасына талаптар ұсынылды. Жолдауда инновациялық және сервистік секторлардың дамуына, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін іске асыруға, экспортқа бағытталған индустриализацияға, экономикада бәсекенің дамуына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет пен табиғи монополиялардың тарифтерін тәртіпке келтіруге және т.с.с. ерекше көңіл бөлінген.
Экономиканың дамуында қаржы секторының рөлін күшейту және ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Президент Жолдауында зейнетақы активтерін және әлеуметтік сақтандыру ресурстарын басқару тиімділігін жоғарылатуға, баламалы қаржылық құралдарды дамытуға, бизнесті шетелдік инвестициямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар осы баламаны белсенді пайдалануға және оның тез аяққа тұруы мен дамуына септігін тигізу қажеттілігіне назар аударды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң әзірлеу және қабылдау, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды жаңалау ұсынылды, дамудың барлық көрсетілген сұрақтарын қамтитын нақты индикаторлар мен «жол карталары» ұсынылды.
Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялау ұсынылды. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуды бастау керек – бұл үшін «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы іске қосылады, бұл жоба негізінде аймақтарда еңбек идеологиясын таратумен айналысатын боламыз. Бойскауттық қозғалысқа ұқсас «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керек. «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастама шеңберінде ел аймақтары бойынша жаппай мектептік туризмді жандандыру қажет.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз өз дамуында елеулі жетістектерге жетті. Біздің экономикамыз 20 есе дейін өсті, 90 млрд.доллар шамасында халықаралық резерві жинақталды, тартылған шетелдік инвестициялар 300 млрд. доллар межеге жетті. Біз құрылымдық институтционалдық реформаларды жалғастырып жатырмыз, индустрияландыру, инфрақұрылымдық дамыту, жекешелендіру бағдарламасын іске асырудамыз, жедел технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифраландыру жүргізудеміз. Бүгінде біздің еліміз Қытайдың "Бір белдеу және бір жол " бойынша Шығыс пен Батысты жалғастыратын сауда дәлізін қайта жасауда стратегиялық рөл атқарады. Елбасының Астана, атап айтқанда "Бір белдеу және бір жол "бастамасының инфрақұрылымдық жобалар аясында қаржы тартуға арналған ірі экономикалық платформа атануға барлық мүмкіндік бар дегеніне толық қосыламын.
«ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Мұнда тек Қазақстанда емес, ТМД аумағанда да теңдесі жоқ ерекше экслюзивті инстутционалдық жағдай жасалды. Ең алдымен АХҚО - ағылшын құқық негізінде жұмыс жасайтын ерекше ерекше мәртебесі бар өңірдегі жалғыз орталық. Бұдан бөлек қатысушыларға 50 жылға дейін салық жеңілдіктері беріледі, оңайтылған валюталық, визалық және еңбек тәртіптері қолданылады. Осы сөзімнің айғағы ретінде қазанның 2 жұлдызында еліміздің үшінші мегаполісі Шымкент қаласында АХҚО басшы қызметкерлері мен эксперттері және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары және ұжымымен болған дөңгелек үстел -семинардың өтуі. Негізгі баяндамашы шейх Билал Хан Астана қаржы орталығының қызметі, басқарушы органдары, ислам қаржысы, жеке тұлғалардың дәулетін басқару және жасыл экономиканы қаржыландыру мәселелеріне тоқтап кетті. Семинар соңында студенттердің белсенділігі, терең теориялық білімі және ағылшын тілін меңгергеніне риза болған шейх мырза АХҚО басшысы Қ.Келімбетов атынан Алғыс хатпен университет басшылығын марапаттады.
75 жылдық тарихы бар М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Басқару және бизнес" Жоғарғы мектебінің профессор-оқытушы құрамы және студент жастар Елбасының биылғы Жолдауын мұқият тыңдап, ерекше ықыласпен талқылады.

М.Сейдахметов,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университетінің Басқару және бизнес"
Жоғарғы мектебінің деканы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.