Аудан әкімі – партия филиалының төрағасы Избранное

Среда, 24 Октябрь 2018 03:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4609 раз

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы болып осы ауданның әкімі Ғабит Мәуленқұлов сайланды. Жуырда партияның аудандық филиалының кезекті XXXV конференциясы өткен болатын.

005

Жиынға партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен белсенді мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, Шымкент қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы
Ғабидолла Әбдірахымовтың ұсынуымен, партияның Орталық аппаратының келісімімен партия филиалының төрағасы сайланды.
Бұдан кейін жаңа төраға 2017-2018 жылдардағы атқарылған жұмыстарды баяндады, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ, партия филиалының Саяси кеңесінің құрамына бірқатар өзгерістер енгізіліп, кеңес жобасының жаңа құрамы таныстырылды, Шымкент қалалық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.
Конференция жұмысын қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов аудандық партия филиалы атқарған жұмыстарға оң бағасын беріп, жүктелген міндеттер мен тапсырмалар өз мерзімінде әрі сапалы орындалуына сенім білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.