Қалалық мәслихатта – жаңа хатшы Избранное

Пятница, 26 Октябрь 2018 04:40 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2369 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясында тарихи шешімдер қабылданды. Шымкент мегаполис болғалы депутаттық корпус алғаш рет мәслихаттың жаңа хатшысын сайлады. Мәслихаттың бұған дейінгі хатшысы Нұрлан Бекназаров ҚР Парламенті Сенатының депуттаттығына сайланған болатын.

DSC 9969

Мүсірәлі Тоғызбаев жетекшілік еткен сессия отырысында мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов мәслихаттың хатшылығына №10 сайлау округiнің депутаты Ғани Ташқараевтың кандидатурасын ұсынды. Бекайдар Мұсаұлы бұл мәселе мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың отырысында, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мәжілістерінде талқыланғанын атап өтті. 
Дауыс беру барысында депутаттардың бірауыздан қолдауымен Ғани Әбдiғаниұлы мәслихаттың хатшысы болып сайланды. 
Мәслихат хатшысы қызметі – жауапты міндет. Жиын барысында Ғани Ташқараев әрiптестерiне рахметiн айтып, халық игілігі үшін бiрлесе жұмыс icтейтiнiне сенiм бiлдiрдi. 
– Сенім артқандарыңызға рахмет. Қаланың дамуына бірлесе жұмыс істейміз. Еліміз үшін, халқымыз үшін әрдайым еңбек етуіміз керек. Елбасы Жолдауында басым бағыттарды атап берді. Енді осы жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе одан әрі жалғастырамыз, - деді Ғани Әбдіғаниұлы. Мәслихаттың жаңа хатшысы 2007 жылдан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәслихаттың жаңа хатшысының жұмысына сәттілік тіледі.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.