Ө.Шөкеев – Түркістан облысының жаңа әкімі Избранное

Среда, 27 Февраль 2019 04:01 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2515 раз

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

5d93f95e3f5a0771903a3e9cdac73c24 crop l 5 t 37 w 1018 h 573 resize w 1600 h 900

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Жоғары білімді, Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын «Экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. МЭСИ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңес берушісі болды, Президент аппараты мен министрлер кабинетінде қызмет істеді, әкімшілік жетекшісінің орынбасары болды, ОҚО облысының әкімі, ҚР экономика және сауда министрі, Премьер-министрдің орынбасары (макроэкономика, өндіріс, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен байланыс салалары бойынша) лауазымдарын атқарды, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып істеді.

1998 – 2004 жылдары – Қостанай облысының әкімі;
2006 – 2007 жылдары – Астана қаласының, ОҚО әкімі;
2007 – 2009 жылдары – Премьер-министрдің орынбасары;
2009 – 2011 жылдары – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

2011 жылдан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы лауазымын атқарды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етіп келді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.