ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ АҚПАРАТ ТАРАТА БАСТАДЫ Избранное

Среда, 17 Апрель 2019 04:52 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 1847 раз

Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты.

Өзбекстанның ұлттық ақпараттық агенттігі - ресми мемлекеттік ақпарат көзі әрі елдегі жетекші ақпарат агенттік. УзА агенттігі өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай тілдерінде ақпарат таратады.

«Өзбекстанда Қазақстан жылы жариялануына байланысты тұңғыш рет елдің ресми ақпараттық агенттігінде қазақ тілді нұсқа іске қосылды.

Агенттіктің веб-сайты Өзбекстан мен Қазақстандағы өзгерістер жөніндегі жаңалықтар бойынша жедел және объективті ақпарат таратуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, веб-сайттың басты міндеті - екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды барынша толыққанды беру, достық пен келісімнің нығая түсуін және бауырластықты насихаттайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.