Биылғы сайлауда жаңашылдық бар Избранное

Среда, 22 Май 2019 03:48 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4461 раз

Шымкентте Президент сайлауына дайындық іс-шараларын пысықтау бойынша оқыту семинары өтті.

DSC 8400

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысқан семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Л.Сүлеймен сайлау заңнамасындағы өзгерістер, кандидаттарлың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыру шарттары, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктері туралы әңгімеледі, аумақтық сайлау комиссиялары және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттермен таныстырды.

– Учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады. Сайлау туралы заңға өзгерістер еніп отыр. Биылғы ұйымдастыру науқанында бірқатар жаңашылдықтар бар. Енді сайлау комиссиясының мүшелері жұмысты жүйелі ұйымдастыруы керек, – деді Ләззат Жаңылысқызы.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов сайлаушылардың тізімдерін жасау, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 25-і жаңадан құрылып отыр. Бекітілген күнтізбеге сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қалада 568 794 сайлаушы бар. «Қала әкімдігі тарапынан сайлауды ұйымдастырудағы цифрлық технологияларды қолдану, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға белсене қатысуына барлық жағдай қарастырылуда», - деді аппарат басшысы.

Ал қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Дауылбаев сайлау науқанын өткізу жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті.