Департаментке – жаңа басшы Избранное

Среда, 30 Октябрь 2019 04:27 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5334 раз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық эконоимика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Маржан Кальменова тағайындалды.

201

 

М. Т.Кальменова 1978 жылы 4 наурызда туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Маржан Тынысбекқызы еңбек жолын Алматы қаласы көші-қон және демография жөніндегі басқармасының көші-қон бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттық-тестілеу орталығының бас маманы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бөлім басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмыс департаменті кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.), ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.) лауазымдарын атқарған.
Соңғы атқарған қызметі – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.