ЮНЕСКО Әл-Фараби мен Шымкент мерейтойларын қолдады Избранное

Среда, 04 Декабрь 2019 04:59 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5273 раз

ЮНЕСКО Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200 жылдығын келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады. Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.

300

 

Бұл туралы 2019 жылы 12-27 қараша аралығында Франция астанасы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның ХХХХ бас конференциясында белгілі болды.
Бас конференцияның пленарлық жиналысында Қазақстанның Франциядағы елшісі әрі ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Жан Ғалиев мүше мемлекеттерге еліміздің ұсыныстарын қолдағандары үшін алғыс білдіріп, оларды аталған мерейтойларға, және қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай елімізде және шетелде өткізуге жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.
Жалпы ХХХХ бас конференция бекіткен тізімге 53 мүше мемлекеттің ұсынысы енді. Солардың арасында – көне түркі жазуының аса маңызды үлгілерін қамтитын Білге қаған мен Тоңықұқ (Тоңыкөк) ескерткіштері орнатылуының 1300 жылдығына арналған іс-шараларға ЮНЕСКО-ның қатысуы жөнінде түркі тілдес елдер мен Моңғолияның бірлескен ұсынысы да бар.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.