АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ Избранное

Пятница, 14 Август 2020 04:14 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2301 раз

А. Қапбарова

12 тамызда елімізде ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сайланды. Шымкентте саяси іс-шара барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Сайлау учаскесінің кіреберісіне карантиндік сақтау шаралары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Таңдаушылардың 18 дауысын иеленген Айгүл Жарылқасынқызы
Қапбарова ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып қайта сайланды.
Сайлау комиссиясының хатшысы Болатбек Қыстауовтың айтуынша, 26 депутаттың 25-і сайлауға келіп, дауыс берді. Біреуі денсаулығына байланысты қатыса алған жоқ. Қатысу – 96,1 пайыз.
Үшінші мегаполистен үміткерлер саны жалпы үшеу еді. Шымкент қаласының мәслихаты ҚР Сенаты депутаттығына кандидат ретінде Айгүл Қапбарованы ұсынған еді. Жеке кәсіпкер Бектай Орманов пен педагог Толқын Аюбаева өзін-өзі ұсынған.
Осылайша бұған дейін Сенат депутаты болған Айгүл Қапбарова кезекті рет сайлауда жеңіске жетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.