Оқу жаттығу жиындарына бюджет қаржысы дұрыс жаратылмаған.

Среда, 14 Октябрь 2020 12:28 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 158 раз

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі–Департамент) тарапынан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мекетебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2019-2020 жылдары жылы бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты пайдалануы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде қаржылық сипаттағы бұзушылықтар 18593,0 мың теңгеге анықталды. Оның ішінде 2732,0 мың теңгесі қалпына келтіруге 15861,0 мың теңгесі бюджетке өтеуге жатады.

Бұл ретте, ҚР Қаржы Министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» 4,17,22 талаптары және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қауылысының 2 тарауының 6 тармақшалары сақталмаған.

 

Шымкент қаласы бойынша Ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

№1 сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маманы-мемелекеттік аудиторы

А.Киикбаев

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Бюджет қаражатын артық жоспарлаған..