Еңбек ұжымдарына Президент Жолдауы насихатталуда

Пятница, 17 Сентябрь 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 1147 раз

enbek-uzhymdary

ҚР Президентінің халыққа Жолдауы ел ішінде кеңінен насихатталуда. Бұл жолы Еңбекші ауданында орналасқан Оңтүстік арнайы еркін экономикалық аймағының басқарушы өкілдері және аймақ кәсіпорындарының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы Жамелов Бауыржан Алтайұлы баяндама жасады.

Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының барлық аспектілері қамтылып, жер қойнауын тиімді пайдалану, жекешелендіру, АӨК (аграрлық өнеркәсіп кешені) проблемаларын шешу, экономика мен мемлекеттік секторды цифрландыру процесін сапалы ретке келтіру, денсаулық сақтау мен білім беру, өңірлерді дамыту, еңбек нарығы, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, қоғамдағы бірлік пен келісім сияқты еліміздің дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге назар аударылғаннын айтып өтті.

Последнее изменение Вторник, 21 Сентябрь 2021 04:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.