photo 2018-07-30 09-19-43

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту жайлы шешім қабылдады.

Енді үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтізбелік күнде емес, 8 жұмыс күнінен кейін берілетін болады.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжатын беру мерзімі да 15 күнтізбелік күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу жұмыстары да енді 10 жұмыс күні орнына 5 жұмыс күні ішінде орындалатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ

АҚ баспасөз қызметі

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам

Пятница, 24 Август 2018 06:03

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы жаһандық сын-қатерлердің алдын алудан туындағаны анық.

 

Бұл стратегиялық құжат күні бүгін Ұлт жоспары саналатын бес институттық реформамен және 100 нақты қадаммен толықтырылды.
Әлемдегі дамыған 3 елдің қатарына қосылу мүмкіндігі осы 100 қадам арқылы жүзеге асады. Сондықтан 100 қадам жүктеген міндеттерді жүзеге асыру – өте жауапты іс. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені көрсетілген. «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжатта мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған. «100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап берді.
Ұлт Жоспарында Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі – Жемқорлыққа қарсы күрес көрініс тапқан. Сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, «Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек» деген міндеттер қойылған.
Ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.

Г. Сахова 
Еңбекші ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

 

Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген. 
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. 
Салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер  органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы біріге күрес жасап жоғарыда айтылып кеткен қағидаларды орындап, кемшіліктерді болғызбауы керек.

Еңбекші ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы З.Сатымбекова

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау.

Пятница, 24 Август 2018 05:57

Сыбайлас жемқорлық бұл – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті.

 

Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да,ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заңы  бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.
Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялык қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады  деген сөз.
Кез келген  өркениетті қоғам  үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Елбасымыз айтып өткендей, дамыған  елу елдің қатарына қосылу үшін басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын ала болдырмау шараларын жүргізу.
Елбасының саясатын қолдай отырып, еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер,яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас  жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек.

                                                  Еңбекші ауданы боынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы
Гүлбаршын Мамаева

Салық төлеушілердің назарына!

Пятница, 24 Август 2018 05:55

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына ауыстыруына байланысты,«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 19 шілдесіндегі №671 бұйрығының негзінде, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының БСН 090440003074, ИИК KZ24070105KSN0000000 өзгеріссіз қалдырылып, коды 590501 болып өзгергенін хабарлаймыз.

                                                 Еңбекші ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы 
Г.Джандарбекова

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

 

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 

                                                                              Еңбекші ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы
 
Аимбетова П.У

Біздің нарықта тауар өндірушілер әлі де аз. Әлі де тауардың сапасын арттырып, бәсекелестікті дамытуымыз қажет.

Шымкентте «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбында өткен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде осы мәселелер кеңінен талқыланды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, стратегиялық бастамалар орталығы, «Атамекен» ҰКП және экономикалық зерттеулер орталығының басшылары, жергілікті кәсіпкерлер қатысып, ел экономикасындағы өзекті жағдайларды шешудің жолдарын сөз етті.
Отандық кәсіпкерлердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі талқыланған жиын бизнес-инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияларды дамыту және қаржыландыруға қолжетімділік тақырыбында еркін пікір алмасу форматында өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин өз баяндамасында бәсекеге қабілеттілік – бұл тұрақты дамудың кілті екенін айтып өтті.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Тұрлыбековтың айтуынша, Қазақстанның жалпы бәскеге қабілеттілігін арттыру бойынша талдау жұмыстар жүргізілуде. Түрлі салалардағы субсидиялар, мемлекеттің бизнестің дамуына жасап жатқан әр түрлі шаралары бойынша терең талдаулар жасалған. Делегация ақпан айында да кәсіпкерліктің және бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін талқылаған еді.
Бизнеске қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша Б.Тұрлыбеков, инфрақұрылымды арттыру, бәсекелестікті арттыру және инновацияларды дамыту бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Құралбай Бұқарбаев баяндама жасады. Жиын соңында жергілікті кәсіпкерлер көкейіндегі сауалдарын қойып, жауап алды.

Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы

Без имени-1-1

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті мұсылман бауырлар! Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке – Құрбан айты мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Бәрімізді айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Құрбан айты – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Алланың разылығы үшін құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршілерді, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады. Қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін қасиетті Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін, екі дүниенің бақытын тілеп, Жаратқанға жалбарына дұға жасайды.
Құрбан айты – татулықты басты тірегі еткен тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Елбасы мерейлі мейрамды Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Парасатты шешім халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Біз мұны дәстүрлі дініміз Исламға көрсетілген аса зор құрмет деп білеміз.
Құрбан айты – отбасылық мереке. Отбасын шаттыққа бөлеп, ағайын-туыс, көршілерді аралап, айтпен құттықтап шығу – сауапты іс. Оларға сыйлық беріп, көңілін көтеру – пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен. Пайғамбар сүннетін тірілтіп, жан бітірген мұсылман ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шапағатына лайық болмақ.
Айт намазынан кейін құрбан шалып, дастархан басында мәре-сәре күй кешу – ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ежелден келе жатқан игі дәстүр. Бірлікті ту еткен бейбіт заманда осынау дінімізбен бітеқайнасқан дәстүрімізді жаңғыртудың сәті туды.
Мүбәрак мейрамның құрметіне орай барша отандастарымды, кәсіпкер бауырларымды, дін жанашырларын Құрбан айтында мүгедектер мен зағиптар, жетімдер мен жесірлер, әсіресе қараусыз қалған ата-аналар үшін арнайы қайырымдылық іс-шаралар өткізіп, айттың қуанышын сездіріп, оларға мүмкіндігінше көңіл бөлуге шақырамын.
Исламда Аллаға ұнамды әрбір іс – садақа. Жетімнің басын сипасақ та – садақа. Жолаушыға кедергі келтірер кез келген затты жолдан алып тастау да – сауап.
Мешітте айт намазы оқылғаннан кейін құрбандық шалынады. Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратылады. Мұндай игі амалдар адамдар арасында мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат секілді көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу арқылы пенденің иманы күшейіп, тақуалығы артады. Қасиетті Құранда: «Аллаға олардың (құрбандыққа сойылған малдардың) еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың (Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың, ықылас-ниеттерің) жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят) деп баяндалған.
Құрбан айты – араздасқан адамдар татуласып, бір-бірін кешірісіп, туысқандық байланысты күшейтуге себепкер ұлық мейрам. Өйткені, Алла Тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.
Бұл күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, мешітте айт намазын оқу – сауапты іс. Құрбандық етінен дәм тату, Аллаға мадақ, пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – сүннет амал.
Құрбан шалу айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады. Егер бұл талап орындалмаса, онда ол садақа саналады. Қой, ешкі, сиыр және түйені құрбандыққа шалуға болады. Сиыр немесе түйені жеті кісі бірігіп шалуды шариғатымыз құптайды. Соқыр, ауру, ақсақ, өте арық мал құрбандыққа жарамайды.
Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айты мүбәрак болғай, ағайын! Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін.
Еңселі елдің болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әмин!

Страница 5 из 259