Алина Соловьева,Қазақстанның Еңбек Ері, Шымкенттегі №1 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі:

МУГАЛИМ

– Жалпы айтқанда, мен елімізге жаңа идеология қабылдау керек деп ойлаймын және бұл сөзден қашудың қажеті жоқ. Ол табысты дамудың идеологиясы болу керек. Мен партияның басты мақсаты адамдарға көмектесу және Үкіметтің жұмысына бақылау жасау деп ойламаймын. Партияның негізгі жұмысы идеология, ұлттық бірлік, отансүйгіштік тәрбие, жастардың дұрыс жолмен дамуына ықпал ету болуы керек деп есептеймін.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде сөйлеген сөздерінен мен өзімді толғандырған осындай бірнеше мәселеге жауап таптым. Нақты өз жұмысыма қатысты айтатын болсам, жаңа білім беру саласындағы эксперименттерді тоқтатып, сапалы білім мен саналы тәрбиені алдағы уақытта басты бағдар ету керектігі аталды.

Мен оны өте дұрыс деп санаймын. Ұстаздар туралы заң да енді қабылданып, біздің түйткілді мәселеміз шешілер деген үміттемін. Айта кететін жайт, бұл заң жобасында мен болуы мүмкін емес деп ойлайтын мәселелер де қарастырылған. Соның ішінде мұғалімнің шығармашылығына қолдау білдірілетіні бізді қуантты, әрине.

Ғани ТАШҚАРАЕВ, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Ғани Ташқараев

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезі Қазақстан өз дамуында жаңа белді белеске қадам басқанын аңғартты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетінін атап өтті. Қазақстандық қарапайым отбасылар Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісін көріп отыр деп нақты айта аламын. Мемлекет азаматтарымыз үшін барлық жағдайды жасап, қолайлы орта қалыптастыруға аянып жатқан жоқ.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Елбасы әр қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін бүгіннен бастап көруі тиіс деді. Бұл бағытта аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің көлем критерийін өмір сүру шегі көлемінің 70 пайызына жеткізу тапсырылды. Яғни, оның көлемі биыл 20789 теңгені құрамақ.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20789 теңге көлемінде төленбек. Оған қоса атаулы әлеуметтік көмек тағайындау процедуралары мейлінше жеңілдетіледі. Осылайша 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар саны 830 мың адамды құрайтын болады, оның ішінде 550 мыңға жуығы – балалар.

Мүгедек балалары бар ата-аналарға, отбасыларға, асырап алушыларға төленетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға артпақ. Бұл қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдаудың теңдессіз тәжірибесі деп білемін. Бұл бастамалар әр отбасының болашағына нақты сеніммен, үлкен үмітпен қарауына негіз болары анық.

Мегаполис статусын алған Шымкент қаласында Жазушылар Одағының филиалы құрылды. Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметіне белгілі жазушы Шойбек Орынбай тағайындалды.

Шойбек

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өңірдегі қаламгерлер бас қосқан жиынға ҚР Жазушылар одағының төрағасы, айтулы ақын Ұлықбек Есдәулет қатысып, қаламгерлердің ұсынысымен тағайындалған жазушылардың мегаполис қаладағы тұңғыш басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Шойбек Орынбай Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде редактордың орынбасары, «Көкшетау», «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеттерінде, облыстық әкімдікте жауапты қызметтер атқарған.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, бірнеше тәуелсіз газеттердің бас редакторы, «Ғасыр-Ш» ЖШС-нің директоры болып абыройлы еңбек етті.

1986 жылы «Жалын» журналы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің бірігіп жариялаған жабық бәйгесінде «Қателік» деген шытырман хикаяты үшінші орынды, 1995 жылы «Жалын» баспасының детектив шығармаларға жариялаған дәстүрлі бәйгесінде «Әміршінің әлегі» атты повесі бас жүлдені иеленген.

Алғашқы туындылары «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары», «Шырғалаң» ұжымдық жинақтарына енген. «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Сыңарқұлақ», «Әміршінің әлегі», тағы басқа повестердің, «Түрмеге түспейтіндер» детектив романының, «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» роман-дилогиясының авторы.

Ол Қарауылбек Қазиев атындағы, Кемел Тоқаев атындағы әдеби сыйлықтардың , Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. «Жылдың үздік жазушысы» атағын иеленді. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы.

Кеше Үкімет үйінде ҚР Министрлер Кабинеті жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізді.

52861277 2410344268975571 7459785716961116160 n

Жиын барысында Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды. Үкімет басшысы Елбасы Жарлығымен кейбір мемлекеттік органдар қайта құрылғанын еске салды. «Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр, бұл зор жауапкершілік. Сондықтан сол сенімді ақтауымыз керек.

Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр.

Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз», - деді А. Мамин.
Сонымен қатар Премьер-Министр «Нұр Отан» партиясының съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және жұртшылықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа іс-шаралар жарияланатынын атап өтті.

Айта кетейік, Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII Съезі басталды. Жиынға Шымкенттен 60 делегат аттанған. Олардың арасында партия мүшелері, депутаттар, қоғам қайраткерлері бар.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент қаласында барлық коммуналдық қызметтер тарифтері төмендетілді.

Қалалықтар қаңтар айына арналған түбіртектерде коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендегенін көре алады. 2018 жылдың желтоқсан айының түбіртектерімен салыстырғанда 2019 жылғы қаңтар айының түбіртектеріндегі көрсетілетін қызметтердің 1 шартты бірлігіне тарифтер мынадай деңгейде төмендетілген:

«ҚуатжылуОрталық-3» МКК–нің жылумен жабдықтау бойынша орташа тарифі тұрғындарға 1 Гкал үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9%-ға, сонымен қатар есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін 1 шаршы метрге 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге немесе 22,16%-ға төмендеді; тозығы жеткен үйлерде 1 шаршы метрге 118,58 теңгеден 92,31 теңгеге немесе 22,15%-ға төмендеді.

Заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сумен жабдықтау бойынша тарифі тұрғындарға 1 м3 үшін 97,97 теңгеден 88,17 теңгеге немесе 10%-ға, ал заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 333,96 теңгеден 300,56 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді.

Суды бұру бойынша тариф тұрғындарға 1 м3 үшін 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге немесе 10%-ға, заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 170,26 теңгеден 153,24 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-ның газбен жабдықтау бойынша тариф тұрғындарға 1 м3 үшін 34,4752 теңгеден 32,47431 теңгеге немесе 5,8%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

«Энергопоток» ЖШС-нің электр энергиясымен жабдықтау бойынша тарифі электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа:

- 110 кВт/сағ-қа дейін – 12,9360 теңгеден 12,0512 теңгеге немесе 6,8%-ға;
- 110 -нан 170 кВт/сағ-қа дейін - 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге немесе 6,8%-ға;
- 170 кВт/сағ-тан жоғары - 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді.

электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа:
- 70 кВт/сағ-қа дейін – 14,4816 теңгеден 13,4960 теңгеге немесе 6,8%-ға;
- 70 -тен 140 кВт/сағ-қа дейін - 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге немесе 6,8%-ға;
- 140 кВт/сағ-тан жоғары - 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді.

Заңды тұлғалар үшін 27,17 теңгеден 25,32 теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеді (ҚҚС-ны қоса есептегенде).

1 наурыз – Алғыс айту күні биыл Шымкент қаласында өзіндік ерекшелігімен аталып өтіледі. Жаңа мазмұндағы мерекелік іс-шаралар 22 ақпаннан 1 наурызға дейін, апта бойы жалғасады.

DSC 4673

– Алғыс айту мерекесі биыл апталық болып ұйымдастырылады, 7 күн «Тазалық», «Көршіге ізет», «Ұстазға құрмет», «Тарихқа тағзым», «Ықылас», «Тарихқа тағзым» деген дербес атауға ие болып, тарихты түгендеу, дәстүрді даралау арқылы елді біріктіруге үндейді.

Бұдан бөлек, кітапханаларда көрме ұйымдастырылады, жас буын өкілдерін ұлттық қолөнерге баулу және «Қуатты елдің қуатты азаматтары» атты жаңа жобасы іске асырылады.

«Балаларға арналған қазақ ертегілері мен аңыздары» жобасы бойынша шағын кітапшаларды кітапхана мен мектептерге таратамыз, – деді Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.

Шымкенттіктерге сыбаға үлестірілді

Мереке қайырымдылық күнімен басталып, оның аясында «Сыбаға» іс-шарасы өтті. Бұл күні ҚХА ассамблеясы және түрік этно-мәдени бірлестігі бірлесіп, 40 отбасыға сыбаға үлестірді.

DSC 4862

Жеті түрлі азық-түлікпен толықтырылған сыбаға қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғырту арқылы қадірлі қарияларға, аналарға, ардагер-қарияларға және жас отбасыларға ұсынылып, ел болып құрмет көрсетті. Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов қазақ халқының ежелден келе жатқан сыбағасының қадір-қасиетіне жыр арнады.

Ал қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев және қалалық түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов игі дәстүрдің қадір-қасиетіне тоқтап, елді берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа жетейлейтін мерекемен құттықтады.

Халқымыздың дәстүрі негізінде елдің берекелі бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруды көздейтін мұндай іс-шаралар қаланың барлық аудандары мен тұрғын алаптарында ұйымдастырылды.

Тазалық – жақсылықтың бастауы

Мерекелік апталықтың екінші күні - Тазалық күнімен жалғасты. Қошқар ата өзенінің бойында өткен жалпыхалықтық сенбілікке этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Игі іс-шарадан шаһар тұрғындары да шет қалмады.

ҚХА   Сенбілік 2

– Күн санап көркейіп келе жатқан қаламыздың таза, әдемі болуына және көркеюіне үлес қосу әр тұрғынның парызы деп санаймын. Тазалық күні аясында өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қолымызға сыпырғы мен тырма алып, көпшілік демалатын қасиетті орында тазалық жұмысын жүргіздік.

Бірге сәндік ағаш көшеттерін отырғыздық. Бұлі шараның тазалықпен қатар халықты ынтымаққа үндейтін мән-маңызы зор екенін де ерекше айтқым келеді, - деді сенбілікке қатысқан қалалық ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темірова.

Тазалық жұмыстары қаланың барлық аудандарында, тұрғын алаптарда, шағын аудандарда ұйымдастырылып, көктемдегі көгалдандыруға дайындық осы күннен басталды.

Қонақжайлылық – бабалардан қалған қасиет

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында басталған апталықтың үшінші күні Шымкентте «Көршіге ізет» атауымен жалғасты. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өзбек этно-мәдени бірлестігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында тағылымды жиын өткізді. Осы тұрғын алаптың белсенді азаматтары мұндай басқасуды қатарынан екінші жыл ұйымдастырып отыр.

Жиында өзбек ағайындар көрші Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау тұрғын алаптарының қарияларын, абыройлы азаматтарын сыйлы қонақ ретінде шақырып, ізетін көрсетті. Әрі мерекелік жиында жергілікті этнос өкілдері Қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді.

Игі іс-шарада Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов көпшілікті мерекемен құттықтап, елдің бірлігі, этносаралық татулықты сақтаудың маңызына тоқталды.

– Биыл елімізде төртінші рет өткелі отырған Алғыс айту күнінің маңызы зор. Бұл мереке елімізде тыныштықты сақтауды, бірлікті бекемдеуді көздейді. Ынтымақ-бірлік жарасым тапса ғана еліміз өркендейді. Мұндай іс-шара көршілер арасында өзара түсіністік пен құрметті қалыптастырады, – деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Мерекелік басқосуда Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев, Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай құттықтау тілегін айтып, ынтымақ, бірліктің маңызы жөнінде мағыналы әңгіме өрбітті.

Абзал азаматтар татулық пен бауырмалдық, ізгілік жайында жүрекжарды тілегін жеткізді. Яғни ұлы дала төсін мекендеген түрік халықтары әркез қонақжайлылығынан танбаған. Қонақжайлылық – біздің бабаларымыздан қалған асыл қасиет.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары, түрлі этно-мәдени бірлестіктің басшылары елдегі берекелі бірлікті сақтау жайлы сөз қозғады.

Халқымыздың ерекше қасиеттері болып танылған өзара түсіністікті, көршіге ізетті, туған ел мен жерге құрметті, сөз қадірін ұғуды, қонақжайлылықты дәріптеуге бағытталған осы секілді іс-шаралар қаланың барлық аумағында өтті. Онда тұрғындар көршілер арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті және көршіні құрметтеу туралы насихаттады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қанатының астына 16 этно-мәдени бірлестік, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ пен Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Жаңғыру» жастар қозғалысы мен жоғары және арнаулы оқу орындары жанындағы 38 достық клубы біріккен.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ,
Тағабай ҚАСЫМ

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

5d93f95e3f5a0771903a3e9cdac73c24 crop l 5 t 37 w 1018 h 573 resize w 1600 h 900

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Жоғары білімді, Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын «Экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. МЭСИ аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қазақ ССР Мемлекеттік жоспары жанындағы АСПУ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңес берушісі болды, Президент аппараты мен министрлер кабинетінде қызмет істеді, әкімшілік жетекшісінің орынбасары болды, ОҚО облысының әкімі, ҚР экономика және сауда министрі, Премьер-министрдің орынбасары (макроэкономика, өндіріс, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен байланыс салалары бойынша) лауазымдарын атқарды, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып істеді.

1998 – 2004 жылдары – Қостанай облысының әкімі;
2006 – 2007 жылдары – Астана қаласының, ОҚО әкімі;
2007 – 2009 жылдары – Премьер-министрдің орынбасары;
2009 – 2011 жылдары – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

2011 жылдан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы лауазымын атқарды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етіп келді.

8 мың орындық мешіт салынуда

Среда, 27 Февраль 2019 03:59

Сəулетті мешіт Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында бой көтеруде. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан мешіт кешенінде автокөлік паркингі, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.

52629663 1851156234996473 238328946435817472 o

8 мың адамға арналған мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда тағы 2200 жамағат намаз оқи алады. Әйелдерге арналған залдың сыйымдылығы – 930 адам.

Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер, фитнес орталық салынады. Құрылыстың жалпы көлемі – 12,0058 га. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Ал негізгі күмбездің биіктігі – 56 метр.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен, жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген.

– Мешіт құрылысын «Мұнай құрылыс Сервис» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы 380 құрылысшы екі ауысымда қызу жұмыс істеуде. Мешіт құрылысына отандық материалдарды пайдаланып жатырмыз, – дейді құрылыс алаңының учаске басшысы Максим Ткаченко.
Мәрмәр тастан қаланып жатқан жаңа мешіт бір жылдан соң қала тұрғындарының игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Страница 6 из 289