Версия для печати

Жәрдемақыны онлайн рәсімдеңіз Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:36 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1893 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш беріп, рәсімдеу туралы айтып берді. Осының нәтижесінде жас аналарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда Шымкенттік 13 104 жас ана SMS арқылы және мобильді қосымша арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы рәсімдеген.

138

 

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтесіз. Баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.
– Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ бізде экстерриторриялды қағидат енгізілген. Баланың тууына байланысты жәремақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кез келген ХҚО арқылы рәсімдеу алды. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.