Версия для печати

Ерекше балаларды оңалтатын орталық Избранное

Пятница, 02 Декабрь 2022 05:53 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3920 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қаламыздағы «Арман алаңы» мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету және оңалту инклюзивті орталығында дүниежүзілік сәбилер күніне орай Ашық есік күні өтті.

31

 

Оңалту орталығында аутизммен ауыратын балаларға кешенді ем-дом жүргізіледі. Орталықта 18 жастан асқан 22 ерекше күтімді қажет ететін балалар келіп, таңертеңнен кешке дейін тиісті емін алады. Онда логопед, психолог-дәрігерлер балаларға көмек берумен қатар, білімге баулып, қоғамнан алыстамауын қамтамасыз етеді.
Алмагүл Кенжетаева – «Рахмет саған, анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ол аутизм дертіне шалдыққан екі баланың анасы.
–Үкімет тарапынан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қамқорлық бар, оларға санаторий, курортқа жолдама беріледі. Ал 18 жастан асқандар қоғамнан тыс қалып жатады да, аса қолдауды қажет етеді. Қазір, міне, осындай балалармен айналысатын шағын орталықтар бірігіп, кешенді қызмет көрсететін үлкен орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Сонда олар өздері сияқты балалармен араласып, достасуына, түрлі спорттық ем-шараларды бір жерден алуына тиімді болмақ,-дейді А.Кенжебаева.
Қазіргі күні шағын орталықтарда балалардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған.
Қолөнерге баулып, сол арқылы баланың ой-өрісінің дамуына ықпал ету де – басты мақсатымыз. Осы арқылы екінші жағынан қоғамға да пайдасын тигізер еді, - деді орталық басшысы Фарида Полуанқызы.
Жалпы әлемде мүмкіндігі шектеулі балалар санының күн санап өсуі көңіл құлазытады. Шетелдік ғалымдар кез келген синдроммен туылған баланы қалыпты өмірге бейімдеуге болатынын айтады. Туа сала тағдыр тауқыметін тартқан мұндай жеткіншектер ата-ана мен арнайы мамандардың көмегіне мұқтаж.

С.ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.