Версия для печати

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ АРТТЫ Избранное

Пятница, 06 Январь 2023 06:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2553 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артып отыр. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

503

 

- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге;
- Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері– 24 341 теңге болып белгіленді.

ЗЕЙНЕТАҚЫ 10,5 пайызға АРТТЫ

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өзгертілді. Яғни, еңбек еткен жылдары үшін және жасына байланысты алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға көбейді.
Ал,жыл басынан жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 айлық есептік көрсеткіштен 55 айлық есептік көрсеткішке, яғни 189 750 теңгеге дейін арттырылады. Ол орташа айлық табыстың шектелу шегіне сәйкес ( АЕК-тің 3 450 х 55 =189 750 теңгеден) анықталады.
Орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде 46 еселенген АЕК-пен шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнеткерлердің зейнетақысы арттыруға жатады. Бұл зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыстың ұлғаюына орай қолға алынып отыр. Бұл ретте, 55 АЕК шегіндегі табыс негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 %-ға өскен сомадан төмен болмауы тиіс.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, зейнетақы төлеміне қосымша төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 4-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД-нің) жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді. Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне 10 және одан аз жыл қатысқан немесе мүлде қатыспаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (бұған дейінгі 54 пайыздың орнына) мөлшерінде анықталады. Ал, он жылдан асқан жағдайда әрбір толық жылға 2 пайызға ұлғаяды. Бірақ ол республикалық бюджет туралы заңда көрсетілгендей, белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан аспауы тиіс.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қатысты бұл өзгеріс 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған және 2023 жылдың 1 қаңтарынан кейін жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысты. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 24 341 теңгеден 40 567 теңгеге дейінгі аралықта ұлғаяды.

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғаюына байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың да мөлшері артып отыр.
Мүгедектігі үшін төленетін жәрдемақылар:
І топқа 71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;
ІІ топқа 57 206 теңгеден — 62 068 теңгеге;
ІІІ топқа 38 885 теңгеден — 42 190 теңгеге;
7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 52 345 теңгеден —56 794 теңгеге артты.
7 жастан асқан мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:
І топ 71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;
ІІ топ 59 449 теңгеден — 64 502 теңгеге;
ІІІ топ 44 867 теңгеден— 48 681 теңгеге көбейді.
Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін жәрдемақы 52 345 теңгеден 56 794 теңгеге, ал І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 52 345 теңгеден 56 794 теңге мөлшеріне артты.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:
1 балаға 32 155 теңгеден — 34 888 теңгеге;
2 балаға 55 710 теңгеден — 60 445 теңгеге;
3 балаға 69 170 теңгеден — 75 049 теңгеге;
4 балаға 73 283 теңгеден — 79 512 теңгеге;
5 балаға 75 900 теңгеден — 82 352 теңгеге;
6 және одан көп балаға 78 891 теңгеден 85 597 теңгеге көбейтіліп төленіп отыр.
Тұл жетімдерге әр балаға бөлек 47 870 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:

№1 тізім бойынша 29 956 теңгеден – 32 499 теңгеге;
№2 тізім бойынша 26 649 теңгеден 28 911 теңгеге ұлғаяды.

БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:
- 1, 2 және 3-ші балаға — 131 100 теңге;
- 4-ші және одан кейінгі балаларға 217 350 теңге төленеді.

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы:
- 1 балаға 18 317 теңгеден — 19 872 теңгеге;
- 2 балаға 21 656 теңгеден — 23 495 теңгеге;
- 3 балаға 24 963 теңгеден — 27 083 теңгеге;
- 4 және одан көп балаға 28 302 теңгеден 30 705 теңгеге ұлғаятын болады.
ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналарға бала бір жарым жасқа дейін төленетін жәрдемақының мөлшері табысының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.

АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

- 4 баласы бар және көп балалы отбасына бала санына қарай төленетін жәрдемақы мөлшері:
4 балаға 50 976 теңгеден – 55 304 теңгеге;
5 балаға 63 728 теңгеден – 69 138 теңгеге;
6 балаға 76 479 теңгеден – 82 973 теңгеге;
7 балаға 89 231 теңгеден – 96 807 теңгеге;
8 балаға 101 760 теңгеден – 110 400 теңгеге;
9 балаға 114 480 теңгеден – 124 200 теңгеге;
10 балаға 127 200 теңгеден – 138 000 теңгеге;
11 балаға 139 920 теңгеден – 151 800 теңгеге;
12 балаға 152 640 теңгеден – 165 600 теңгеге;
13 балаға 165 360 теңгеден – 179 400 теңгеге;
14 балаға 178 080 теңгеден – 193 200 теңгеге;
15 балаға 190 800 теңгеден – 207 000 теңгеге артып отыр.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 20 352 теңгеден 22 080 теңгеге көбейтілді.
- Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлері 440 844 теңгеден – 478 274 теңгеге;
- «Социалистік Еңбек Ері», 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері 440 844 теңгеден – 478 274 теңгеге;
- «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» иегерлеріне 440 844 теңгеден – 478 274 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларына 50 880 теңгеден – 55 200 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне 50 880 теңгеден – 55 200 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге 19 685 теңгеден – 21 356 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге 24 009 теңгеден – 26 048 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 14 247 теңгеден – 15 456 теңгеге;
- Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына 14 597 теңгеден – 15 836 теңгеге;
- Қайтыс болған соғыс мүгедектері, соларға теңестірілген мүгедектердің әйеліне(ері) 8 141 теңгеден – 8 832 теңгеге;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін 6 774 теңгеден – 7 349 теңгеге;
- Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылар 19 685 теңгеден – 21 356 теңгеге;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатындарға 3 403 теңгеден – 3 692 теңгеге;
- ҚР ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар 3 403 теңгеден – 3 692 теңгеге;
- Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 15 264 теңгеден 16 560 теңгеге артып отыр.

Әнуар ІЛЕСПАЕВ,
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.