Версия для печати

БАЛАЛАР ЖЕҢІЛДІКТІ САНАТҚА ЖАТАДЫ

Среда, 18 Январь 2023 03:52 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2115 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар келеді. Балалардың денсаулығына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

 

– Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?
– Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.
– Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіре ме және қандай қызметтерді тегін алуға болатындығын көрсете аласыз ба?
– 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді: тісті жансыздандыру және жұлу; пломба салу; абсцесстерді ашу; пульпит, периодонтитті емдеу; гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру; еріндер мен тілдердің пластикасы; рентгенография;ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.
– Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?
–Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі:
– емшектегі нәрестені асырап алу;
–анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;
– балада туа біткен лактаза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, «үйеңкі шәрбаты» ауруының болуы»;
– ананың цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдауы;
– бірнеше баланың дүниеге келуі және емшек сүтінің жетіспеушілігі;
–әйелдің күндізгі оқу нысанында оқуы;
–әйелдің стационарда емделуде болуы.
Ананың жағдайына байланысты оған тек жасанды және аралас тамақтандыру тағайындалуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.
– Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?
– Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады. Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді.
– Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?
– Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.
– Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?
– 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді.
– 5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық - санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.
- Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?
- ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.
- Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтаманы сатып алу керек пе?
- Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі.
Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.

С.ҚҰРАЛБЕК,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынын» Шымкент қаласы
бойынша филиалының директоры,

Б.ДЖАНДАУЛЕТОВА,
Ана мен бала орталығының МӘМС-ке жауапты маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.