Версия для печати

Сақ болып, сау болыңыз!

Суббота, 25 Февраль 2023 11:55 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3087 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мезотерапия, блефаропластика және т.б. заманауи косметологиялық процедуралар теріге байланысты эстетикалық мәселелердің көпшілігін шешуге мүмкіндік береді. Бірақ мұндай процедуралар кезінде инфекциялық асқынулар болуы ықтимал. Мұның бәрі косметологтың жауапкершілігіне және клиенттің саналығына байланысты.

Инфекциялық асқынулардың пайда болуындағы негізгі этиологиялық факторлар.

Косметологиялық процедураларға байланысты терінің кез-келген зақымдануы бактериялық, вирустық немесе саңырауқұлақ инфекциясының жұғу қаупін тудырады.

Әдетте, клиенттің денесіне инфекция енуінің алғашқы күндерінде терінің зақымданған орындарына бөртпелер пайда болады, сонымен қатар дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, терідегі қабыну орындарының қызуы түріндегі жедел процесстің дамуы асқынуды көрсетеді.

Жұқпалы асқынулар асептика мен антисептика ережелерін сақтамау, косметолог пен клиенттің жауапсыздығы кезінде пайда болады.

Косметологиялық кабинеттерде терінің зақымдануымен байланысты инфекциялардың алдын алу:

- заманауи дезинфекциялық құралдарды қолдану;

- косметологиялық процедураларды жүргізу кезінде қолданылатын құралдарды сапалы дезинфекциялау және зарарсыздандыру;

- стерильді бір реттік құралдарды қолдану;

- косметологтар мен клиенттердің қолдарын өңдеуге арналған құралдардың жеткілікті болуы.

Тек косметологтың біліктілігі, жауапкершілігі және клиенттің саналылығы косметологиялық процедуралардан кейінгі қажетсіз асқынулардың алдын алады.

Сақ болып, сау болыңыз!

С. БАЙМАХАН,
Шымкент қаласы СЭБД бас маманы

Последнее изменение Пятница, 03 Март 2023 11:57
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.